1949 жылдың 29 тамызынан бастап ядролық сынақтар жүргізілген Семей полигоны 1991 жылы 29 тамызда жабылды. Полигонда 40 жылға созылған сынақ барысында 400-ден астам ядролық жарылыс (олардың 116-сы жер бетінде) жасалды. Полигон аймағындағы мыңдаған адам қатерлі ісік, жүйке ауруына шалдығып, көптеген сәбилер дүниеге мүгедек болып келді.
Автор: admin
Сабырбек ОЛЖАБАЙ. «Әзіреті Қаратау, Әулиенің кені еді» деп келетін батырлар жырының әр жолында шындық жатыр. Сондай-ақ қабырғалы қарт Қаратаудың әрбір тасы терең тарих тұңғиығынан тылсым тағылым тәспірлейді. Қалай десек те, талай баһадүр батырлардың, әулие-әмбиелердің, сөз бастаған шешендер мен ел бастаған көсемдердің, дүлдүл ақындар мен жыраулар табандарының ізі қалған көне Қаратау талай тарихтың куәсі. Осы Қаратаудың теріскейінде Жылыбұлақ бастауының жағасында Баба Түкті
Cambridge университетінде сақталған, 1299 ж. салынған бұл суретте мәмлүктердің моңғолдарға қарсы жорығы бейнеленген. Негізі қыпшақтардан құралған, сұлтан Байбарыс кезінде дәуірлеген, ресми түрде тек түрік тілін қолданған мәмлүктердің мемлекеті «Дәуләт-үт-Түркийе» деп аталған, тулары да суретте анық көрініп тұрғандай ай-жұлдызы бар қызыл байрақ болған. (Дархан Қыдырәлінің ФБ парақшасынан)

