Мемлекет басшысы Көрме кешенінің болашақ халықаралық, тақырыптық павильондарының, сондай-ақ сауық және қызмет көрсету нысандарының макеттерімен танысты-деп хабарлайды президент баспасөз қызметі Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаевқа көрменің орталығы – Қазақстанның Ұлттық павильонында болатын нысандар жөнінде жан-жақты баяндалды. Содан соң Қазақстан Президенті кеңес өткізіп, құрылыс жұмыстарының барысына тоқталды. Мемлекет басшысы іске қосу және әрлеу жұмыстарын жүргізу үшін кешенді 2016 жылғы қыркүйекке дейін дайын ету қажеттігін айтып, жұмыс кестесін сақтау мәселесін атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев салынып жатқан ғимараттарды көрмеден кейін де пайдалану мәселесін Үкіметпен бірлесе отырып анықтау басты міндеттердің бірі екендігіне назар аударды. – Кейбір елдердегі секілді нысандар бос тұрып қалмауы керек. Қонақтарға арналған…
Автор: admin
Қазақстанда этникалық қазақтарға оралман мәртебесін иемденуде, ҚР азаматтығын алуда бірқатар жұмсартқыш шарттарды қабылдау ұсынылды. Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы Ақмәди Сарбасов мәлімдеді. «Қазіргі таңда этникалық қазақтардың тарихи отанына оралуын жетілдіру, олардың қабылдаушы қоғам жағдайындағы бейімделу және интеграциялау жайын жақсарту мақсатында «Қазақстан Республикасының көші-қон және жұмыспен қамту жөніндегі кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы жасап шығарылды», — деп хабарлады А.Сарбасов. «Заңжоба этникалық қазақтарға оралман мәртебесін иемденуде (орналасу өңіріне қарамастан, оралман мәртебесін бастапқы иемдену), Қазақстан Республикасының азаматтығын жеңілдетілген тәртіпте алуда (оралман мәртебесін алғаннан кейін бір жыл ішінде) бірқатар…
Ел аузында «Қазақ кестесінің мекені» атанған Қытайдың Санжы Облысына қарасты Мори қазақ автономиялы ауданында әлемдегі ең үлкен киіз үй жасалып, алып сырмақ тігілді,-деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. Қытай журналистері жарыса жазған жаңалықтарға сүйенсек, Шыңжаңның Мори ауданында тігілген киіз үйдің жалпы көлемі 1175 m², биіктігі 18,5 метр болып, күлдіреуіштен басқұрға дейін 13,5 метрді құраған. Керегесінің биіктігі 5 метр, уықтың ұзындығы 6 метр болған алып ақ орданың шаңырағының диаметрі 8,5 метр екен. Ал, таза ағаштан жасалған киіз үйдің төріне салынған сырмақтың диаметрі 32 метр, айналма ұзындығы 101 метр ұзындықта болып жалпы көлемі 803,8 m²-ді құраған. Оған 2000 адам малдас құрып…

