Автор: admin

10 маусым. Сағат 15:00 шамасында белгісіз біреу қоңырау шалды: – Тыңдап тұрмын. – Ассалаумағалейкүм аға, біз келдік! – деген жас жігіттің қуанышты дауысы естілді. – Уағалайкүмассалам! Кешір інім, сені танымадым… – дей бергенімде, сөзімді аяқтатпай: – Аға, мен ғой, Ержет Ерзатұлы. Бір жыл бұрын Президент кубогына келіп едік қой. Есіңізде ме? – деді. Енді есіме түсті. Өткен жылы Астанада өткен ҚР Президент кубогына Қытайдың «ШҰАР-94» командасы да келген еді. Сол команданың бас қақпашысы Ержет бауырымыз-тұғын. Жат жұртта жүрген өреннен сұхбат алған болатынбыз. Сол кезден бастап Ержетпен байланысымыз үзілген емес.

Read More

Қытай олимпиадалық құрамасының мүшелігіне тұңғыш қазақ ұлтының есімі жазылды. Ол – Ержет Ерзатұлы. Естеріңізге сала кетсек, Ұлы жібек елінің құрама коман­да­сы­на осы уақытқа дейін ешқашан өзге ұлт өкілі алынбай келген болатын. 1993 жылы 4 қаңтарда Қытайдың Шыңжаң өлкесінде өмірге кел­ген қазақтың қарадомалақ ұлы – Ержет Ерзатұлы шын талантымен қытай бапкерлерін таңдандырды. 19 шілде күні Қытай олимпиадалық құрамасының мүшелігіне тұңғыш қазақ ұлтының есімі жазылды. Ол – Ержет Ерзатұлы. Естеріңізге сала кетсек, Ұлы жібек елінің құрама коман­да­сы­на осы уақытқа дейін ешқашан өзге ұлт өкілі алынбай келген болатын.

Read More

Осыдан үш жыл бұрын сіздің «Талтүс» атты романыңызды оқығанмын. Сізге сұхбатқа келердің алдында тағы бір парақтап шықтым. Біраз бұрын Асқар Алтайдың «Туажатын» тауыстым. Жақында Жүсіпбек Қорғасбектің «Үлпілдегін» оқып шықтым.  Бұл үш романды оқырманның  көбісінің іздеп жүріп оқығанын байқадым. Алайда әдеби ортада аталмыш туындылар туралы пікір жоқ. Ешкім ешбір баспасөзде айтпайды. Сіздің романыңыз кезінде «Сорос Қазақстан қорының» жүлдесін жеңіп алғанын білеміз. Әйткенмен «Талтүсіңіз» әдеби ортада лайықты бағаланып, лайықты деңгейде талданды деп ойлайсыз ба?!

Read More