Автор: admin

Мекемтас аға, сізді халық бірінші кезекте абайтанушы ретінде біледі. Айтыңызшы, Абайдың басты өкініші не еді? – Абай өзінің саяси-лирикалық өлеңінде «Моласындай бақсының, Жалғыз қалдым, тап шыным» деп уайымға салынады. Бұл – Патшалық Ресей саясатының негізінде қазақ даласында аумақтық болыс сайлауы институты енгізілген шақ. Бұл саясат қазақ болмысы үшін аса зиянды болды. Себебі, ағайын арасын бүлдіруді, ел тыныштығын бұзуды көздеген саясат еді. Солай болды да. Қазақ мінез-құлқы бұзылды, елді алакөздік пен парақорлық жайлады. Абай сынды көзі ашық болыстар сол кезде аумақтық емес, әулеттік сайлауды қолдаған. Бірақ оған патша үкіметі көнбеді. Патша үкіметіне қазақтың ыдырағаны керек болды. Бірнеше рудан тұратын аумақты бір…

Read More

Аймауытовтың сан салалы шығармашылық мұрасының салмақты жағының бірі – оның драматургиясы. Ол – қазақ әдебиетінде төңкеріс жылдары туған осы жанрдың көшбастаушыларының бірі. Сонымен бірге, ол қазақтың театр өнерінің бастауында тұрды. Қазақстанда алғашқы кәсіпқойлық ойын-сауық үйірмелерін ұйымдастырып, өзі жазған пьесаларына өзі режиссерлік етіп, сахнаға шығарды. Ол 1914 жылы Абайдың қайтыс болуының он жылдығына арналған Семейде өткен кеште өнер көрсетеді. 1915 жылы сол қалада «Біржан мен Сара» спектаклін сахнаға лайықтап қойып, өзі Біржаннның рөлін сомдайды. Жиырмасыншы жылдары Семейде «Ес-Аймақ» деген театр труппасы ұйымдасқанда да Ж.Аймауытов соның басы- қасында болған.

Read More

ҚАЗАҚ ҚАУЫМЫ ЕЛ ТАҒДЫРЫНА ҚАТЫСТЫ БҰЛ МӘСЕЛЕГЕ БЕЙЖАЙ ҚАРАМАУЫ ТИIС Бiз өзi қарама-қайшылыққа толы елмiз. Бiреу тойып, екiншiсi тоңып секiрген елмiз. Ат төбе­лiндей топ “Форбс” журналының миллиардерлер тiзiмiнiң төрiн бермейтiн, ал қалың жұрт екi қолға бiр жұмыс тауып алуға шамасы келмейтiн елмiз.Қараңыз, қандай парадокс: қағаз жүзiнде 2030, керек десеңiз, 2050 жылдар­ға дейiн “даму Стратегиясын” анықтап алған Қазақстанның iс жүзiнде саяси болашағы бұлдыр. Тiптi 2017 жылы не болатынын, кiмнiң Назарбаевтың саяси мұрагерi болатынын ешкiм кесiп-пiшiп айта алмайды. Менiңше, сол айта алмайтынның қатарынан қазiргi президент те табылып қалады, өйткенi саяси шешiм қабылдау механизмi бiзде тым күрделенiп, топтық сипат алып кеткен. Бұған дейiн…

Read More