Жазыла-жазыла жауыр болған тақырып болса да, біз де бұл тақырыпқа өз әлімізше қалам сілтегенді жөн көрдік. Өйткені, кешегі Кеңестік қоғамнан «еншіге» қалған бүгінгі қоғамның айықпас дерті – ішімдік, алкоголизм. Ол өз кезегінде отбасы деген кішігірім мемлекеттің шырқын бұзып, шаңырағын ортасына түсіруге дәрмені жетеді. Алкоголизмнің адам денсаулығына тигізетін зиянын айтпағанда, отбасы үшін келтірер залалы көп. Араққа сылқия тойып, екі аяғын әзер басып үйіне енген отағасын, әкесін, яки ағасын отбасы мүшелері жақтыра қоймасы белгілі. Содан барып, ұрыс, жанжал шығып, отбасының берекесі бұзылады. Осыдан келіп, қоғамдық проблема туындайды. Ендеше, бұл проблеманың шығу тетігі мен шешілу жолдарын қарастырып көрейік. Зерттеп-зерделей келе, маскүнемдікке шалдығудың үш…
Автор: admin
Бүгінгі таңда балалар тәрбиесіне қатысты сын пікірлер көп айтылуда. Әсіресе балаларға арналған, қазақы дүниетанымды толыққанды суреттейтін кітап іздегенде тосылып қаларымыз анық. Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында Ғылым ордасына қарасты Ғылыми кітапханада қазақтың дәстүрлі танымы негізіндегі бала тәрбиесіне қатысты таптырмас еңбек – «Әлдиден эпосқа дейін» атты отбасылық хрестоматияның тұсауы кесілді. Аталған кітап «Орхон» Баспа үйінде жарық көріп отыр. Отбасы хрестоматиясында бесік жырынан бастап батырлық дастандарға дейінгі аралықты
Археологтар Түркістан қаласы IV-V ғасырдан бұрын салынғанын айтты Түркістанға жасалған кезекті археологиялық экспедиция кезінде зерттеушілер шамамен б.э. 1 ғасырда бой көтерген сәулет өнерінің дерегін тапты. Енді ғалымдар қаланың іргетасы қалану мерзімі ертеде дегенді айтады.

