Автор: admin

Босанбай шетте шерлі ана, Елінде өссін ер бала. Алаштың тәжі алтын алтын күн, Алаштың тағы кең дала. Қобда Моңғолияның оңтүстігінде орналасқан шағын қала. Мұнда ықылым заманнан бері тұратын қазақтар өте көп. Бұл жер біздің ата-бабамыз тұрған ата қонысымыз. Географиялық, шекаралық өзгерістерге байланысты Моңғолия азаматына айналғанымызбен, мен өзімді оралман емес, нағыз қазақ санаймын. Мен шынын айтсам, Моңғолияда жүріп моңғолдарға қызығатынмын. Өз елінде тұрып, өз тілінде сөйлеу, өз жұртында ұрпақ жалғастыру – мұның өзі бір бақыт. Моңғолдардың суын ішіп, топырағын басқаныммен, аңсарым өз еліме оралу болды. 2011 жылы Ұлан-Батырда оқып жүргенде студенттердің арасында жоғары нәтиже көрсетіп, шетелде білім алу грантын жеңіп алдым.…

Read More

Алматы облысында 97617 әскери бөлім базасында әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері рота (батарея) командирлерінің жиыны басталды-деп хабарлайды ҚМ баспа сөз қызметі. Әскери жиынның мақсаты – түрлі әскери тәртіп бойынша офицерлердің білім деңгейін тексеру, офицерлердің кәсіби дағдыларын тексере отырып жоғарғы лауазымға қою және оқуға жіберу болып табылады. Жиын әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері қолбасшысының жауынгерлік және дене даярлығы бойынша орынбасары полковник Қуаныш Көкпетовтің басшылығымен өтеді. Оның аясында офицерлер өздерінің кәсіби дағдылары мен жеке қасиеттерін көрсете алады. Осыған орай мемлекеттік-құқықтық даярлықтан, атыс, дене, тактикалық, саптық даярлықтардан және басқа да пәндерден сынақтар тапсыру қарастырылған. Бұдан өзге, олар топография ауқымында өз білімдерін көрсетеді. Офицерлердің нормативтік-құқықтық…

Read More

Елбасы Қазақстан күрес федерациясының құрметті президенті, Біріккен күрес әлемінің Бюро мүшесі Дәулет Тұрлыхановты қабылдады-деп хабарлайды президент баспа сөз қызметі. Кездесу барысында елде бұқаралық спортты дамыту, соның ішінде жас ұрпақты спортқа баулу мәселелері талқыланды. Қазақстан Президенті жастар арасында саламатты өмір салтын насихаттаудың, сондай-ақ жоғары жетістіктер спортын дамытумен қатар халықтың дене шынықтырумен және спортпен белсене айналысуы үшін қажетті барлық жағдайды жасаудың маңыздылығына тоқталды. Д.Тұрлыханов отандық спортқа Мемлекет басшысының көрсетіп отырған қолдауы нәтижесінде ірі қалаларда ғана емес, шалғай өңірлерде де қажетті инфрақұрылымдар салынып жатқанын айта келіп, сол үшін алғыс жеткізді. Бұл жағдай қажетті іргетас қалауға мүмкіндік беріп, соның негізінде Қазақстан спортшылары өңірлік…

Read More