Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет Хасен Оралтай (1933 – 2010) – шетелде тұратын қазақ қайраткері, ұлт азаттық қозғалысын зерттеуші, тарихшы, публицист, түрік, қазақ, ағылшын, неміс т. б. тілдерде жазылған еңбектердің авторы. Алаш сыйл. лауреаты (1994), Түркістан қазақ-түрік халықаралық ун тінің құрметті проф. (1994). Қазақ халқының тарихына, этнографиясына, әдебиетіне, саясат мәселелеріне арналған түрік тілінде жазылған «Қазақ түріктері» (Измир, 1961), «Ұлы түрікші Мағжан Жұмабайұлы» (Измир, 1965), «Шығыс Түркістан тарихындағы басты мәселелер» (Стамбул, 1975), «Коммунизммен шайқас» (Измир, 1965) кітаптары шыққан.
Автор: admin
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет Хакімжан Наурызбаев Дүниеге келгені: 1925 Мансабы: мүсінші Хакімжан Есімханұлы Наурызбаев (27.08.1925 жылы туған, қазіргі Қостанай облысы, Ленин ауданы) — қазақтың тұңғыш кәсіпқой мүсіншісі, Қазақ КСР халық суретшісі (1969). 1951 жылы Харьков көркемсурет институтының мүсін факультетін (О.Н.Кудрявцева шеберханасынан) бітірді. 1952 жылы Алматы көркемсурет училищесінде түңғыш рет мүсіншілер үйірмесін ұйымдастырып, 1966 жылға дейін сонда сабақ берді. Алматыдағы “Абай” (1960, қола, гранит), “Шоқан” (1969, қола, 1970 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығы берілді), “Калинин” (1973, гранит, У.Рахмановпен бірге), Жамбыл қаласындағы “Жамбыл” (1963, шойын, гранит) атты монументті ескерткіштерінде пропорция, ритм заңдылықтарын тиімді пайдалану арқылы образдарды шынайы бейнеледі, әрі ұлттық…
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет Досмағамбетов Төлеген (1940-2001) — Қазақстан мәдениетінің біртұтас кезеңі ұлттық мүсін өнерінің негізін қалаушы. Қазақ халқының батырлық тарихын бейнеленген оның жұмыстары республиканың әрбір қаласында орналасқан. Олар Ақан-Сері, Шоқан Уәлиханов, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Ахмет Байтұрсынов, Мұхтар Әуезов, Амангелді Иманов, Әліби Жанкелдин, Ғани Мұратбаев, Қаныш Сәтпаев , Дінмұхаммед Қонаевтың ескерткіштер және кеуде мүсіні . Оның қаламынан Нұрсұлтан Назарбаев, Олжас Сүлейменов, Бибігүл Төлегенова, Әнуар Әлімжанов, Тоқтар Әубәкіров және олардың ұлы замандастарының портреттері туындаған.

