Астана іргесіндегі Қояндыдан қуанышты хабар жетті. Сегіз жыл бойы үйімізді қашан күреп тастайды деп үрейленіп келген қандастарымыз жерлерін заңдастыра бастады. Билік Қояндыдағы 170-ке жуық баспананы трактормен бұзбаймыз, мемлекеттік актілерін жасап береміз деген уәделерінде тұрды. Шетелден көшіп келген ағайын, телімдерінің құжаттарын ендігі жерде қалай реттеуіне болады, әкімдік қандай тәсілдер ұсынып отыр? Астаналық әріптесіміз Гүлбану Әниятқызы біліп көрген еді. Астана іргесіндегі Қоянды ауылындағы 170-ке жуық үйді шеттен келген ағайын 2007 жылдары тұрғызған. Яғни, Қытай мен Моңғолиядан көшіп келген қандастарымыз «Жаңа қадам» қоғамдық бірлестігі арқылы 24 гектар телімді сатып алып, заңсыз баспана соққан. Алайда, содан бері үнсіз келген билік өткен жылы жер…
Автор: admin
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ компаниясының басшысы болып уақытша Айдар Әріпханов тағайындалды. Ол осыған дейін басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары қызметін атқарған, деп хабарлайды «31 арна». Мұндай шешім «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ директорлар кеңесінің кезектен тыс отырысында қабылданды. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ сайтында жарияланған мәліметке қарағанда, Айдар Әріпханов 1974 жылы дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген, ҚР СІМ Дипломатиялық Академиясын үздік деген бағамен аяқтаған. 1996-2004 жылдар аралығында Айдар Әріпханов бақылаушы-тексеруші, бас маман, бөлім бастығы, басқарма басшысы, ҚР Қаржы министрлігінің департамент директорының орынбасары. 2004-2006 жылы ҚР қаржы вице-министрі, 2006 жылы Айдар Әріпханов ҚР премьер-министрінің кеңсе басшысының орынбасары қызметін атқарған. 2006 жыл мен 2007 жылдары…
Дастарқанға ет келді. Келісті бәйбіше: – Кімнің әкесі бар? – деді. Ол кезде әкем тірі, елден бұрын ұшқырлық көрсетіп: – Менің әкем бар, – дедім. – Онда қалқам, пышақ ұстайтын сен екенсің, етті сен тура, – деді. Мен етті шама-шарқымша турай бастадым. Сәлден соң бәйбіше: – Балам, көңіліңе алма, әкеңе сәлем айта бар, әкең саған ет турауды үйретпепті, – деді. – Ет турау – өнер, мына батыр ағаң да турай алмайды. Сендер қонақсыңдар, мені әкем еркелетіп ұл сияқты өсіріп еді, мен өзім турап берейін, – деп, елдерінің салты бойынша мүш есыйлап, өзінің бал бармағымен балбыратып пісірген асын тамашалап турап берді.…

