Автор: admin

Біржан сал Қожағұлұлы Біржанның туған жері – қазіргі Көкшетау облысы, Еңбекшілдер ауданы, Степняк қаласының тұрған жері. Руы – керей. Өз әкесі Тұрлыбай кедей шаруа болған, Қожағұл Біржанның атасы. Біржанның өз басы да кедей, өмір бойына салдық құрып ел аралап, ән салып жүрген. Ол тек ақын ғана емес, ең алдымен, асқан әнші, әрі тамаша композитор. Асқан талантының арқасында Біржан Арқада алған әншілік дәстүрін қалыптастырды, Ақан, Жаяу Мұса, Балуан Шолақ сияқты әнші ақындар осы Бржанның шәкірттері. Әншілік дәстүрін қалыптастыруда, Біржан әннің әуенімен бірге текстінде қатар дамытады. Қазақ әдебиетінің тарихында Біржанның үлесі осы тұрғыдан бағаланады.

Read More

Ақыт Үлімжі ұлы Қарымсақов Ақыт Үлімжі ұлы Қарымсақов 1868-жылы (жылан жылы) тамызда қазіргі Алтай аймағы Көктоғай ауданының Қайырты деген өзені бойында дүниеге келген. Ол алғашқы сауатын немере ағасы садық жебен ұлынан әліп _би үйреніп ашса, кейін ауыл молласы ғұсыман дегеннен түркі тілде сабақ оқиды . Сұл тұста мырза бақа деген кісі алтай аймағының көктоғай ауданының молқы елінің үкірдәйі жуанған хажының ауылына келіп бала оқытады . 1880-жылдардың соңында ақыт та осыдан білім алады

Read More

Асқар Татанайұлы (1906, Шыңжаң өлк., Алтай айм., Бітеуірге а.—1996, Алтай қ.), ақын, ҚХР-дың халық жазушысы (1988). Өлеңді 30 ж. жаза бастайды. “Малбикенің өмірі”, “Ғылымсыз—ғұмыр тұл” дастан-толғауларымен шыңжаң-қазақ әдебиетіне жаңаша леп әкелді. “Талап”, “Қалың мал”, “Құлдықтан құтылғандар” пьесаларын жазып, өлкеде қазақ драматургиясының негізін қалады. Шығармаларының негізгі арқауы—халықты ояту, әлеум. әділетсіздікке қарсы күреске жұмылдыру. Қытайдағы “Мәдениет төңкерісінің” тауқыметін 20 жыл бойы Тарымда (жазалау аймағы) тартқан ақын түрмеде де қаламнан қол үзбей, “Тарихи дерек, келелі кеңес” трилогиясын, “Бір ғасыр” өлең-романын, хикаят түрінде “Қара сеңгір оқиғасын”жазады. “Керейдің билік заңын” әңгімелейді. “Арқалық батыр” қиссасын қайта жазып шығады.

Read More