Автор: admin

Тарих қалтарысындағы беймәлім тұстарды елеп-екшеп, оны ақиқат һәм ұлт мүддесі тұрғысынан қорытып, халық қазынасына айналдыру — көкірегі ояу, арда азаматтардың асыл борышы. Осындай азаматтық ұстанымдағы әріптесіміз Қыдырбек Қиысханұлының газетіміздің өткен санында жарық көрген Абақ Керей тайпасының ҚХР-дің СУАР өлкесіне қоныстануы және Абақ Керейдің ережесі туралы мақаласы қазақ оқырманының тарихи танымын арттыратыны талассыз шындық. Десек те, Қиысхан бауырымыздың пейілі оң болғанымен, тарихты тарқата айтуда базбір кемшіліктерге жол берген секілді. «Баба Тарих» қарға тамырлы қазақтың ортақ еншісі болғандықтан, Шығыс Түркістан аумағына Абақ Керейдің қалай ауа көшіп барғандығын, сондай-ақ, ежелгі әдет-ғұрып заңының сарқыншағы «Төрт би, төре заңы» туралы біз де білетінімізді оқырман талқысына…

Read More

Жәди Шәкенұлы 1967 жылы 5 мамырда ҚХР ШҰАР Өр Алтайда туған. 1997 жылы Атажұртқа оралған. «Шалқар» газетінде тілші және бас редактордың орынбасары,  «Қазақ әдебиеті» газеті проза бөлімінің меңгерушісі, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы «Атажұрт» баспа орталығының бас редакторы, «Үн» журналының бас редакторы, «Алаш тарихи-зерттеу орталығында» баспасөз хатшысы, «Жас қазақ үні» газетінде бас редактордың орынбасары жұмыстарын атқарған.

Read More

Футболдан Қарағандының чемпиондар лигасы іріктеуінің плей офф кезеңінде «Селтикті» қабылдап, алғашқы ойында 2:0 есебімен жеңіске жетті. «Астана-арена» стадионына бүкіл кәрі құрлық көз тікті. Бұл матчты жиырмадан астам елдің телеарналары тікелей таратқанын айта кетейік. Стадион ішін чемпиондар лигасының гимні кернеп, шет жағалаулары нағыз лига жарнама баннерлерімен көмкерілгенде ерекше толқығанымыз рас.

Read More