Автор: admin

Түркияның премьер-министрі Ережеп Тайып Ердоған Мысырдың уақытша билігін «мемлекеттік терроризм» деп айыптап, Мысыр армиясының басшысы, генерал Фаттах әл-Сисиді Сирия көшбасшысы Башар Асадқа теңеді. «Бұл екеуі де Сирия мен Мысырдағы мешіттерімізді бұзып, өртеді. Башар не, Сиси не, екеуінің арасында ешқандай айырмашылық жоқ», – деп мәлімдеді Түркия премьері. Сондай-ақ, Ердоған тақтан кеткен Мұхаммед Мұрсидің жақтастарын «террорист» деп шығарған мысырлық билікті қатты айыптады.

Read More

Бақытбек Бәмішұлы  Мұрат бауырымыз ескіні еске түсірді. 2009 жылы Ер Жәнібек ешкерткішінің ашылуына қатысып едік. Мынау содан бір көрініс. Ал мына өлең сонда оқылған еді…Ер Жәнібек (Қанат Сүлейменовке)  Уа, Аруақ! Ер Жәнібек! Батыр Ата! Басталды «Жәнібекдеп» ғасыр Ата! Ақ туың көтеріліп, Алты Алаштың Жүрегі Аттай тулап жатыр Ата! Басыңда кетті бүгін қайнап халық. Таныдық нар талантың Қанатты анық! Шаншылған найзаң Ортабұлақтағы! Жарқырап күндік жерден айбаттанып! Керіп тұр кермелерді көк дөнендер! Үзіліп жетесінен көлденеңдер! Көрініп Көк бөрілер Төрімізге Көріне кіріп кетті көлбегендер! Жиылған асыңа жұрт омыраулап, Қолыңдай қотарылған қоңыраулап. Ер Баба! Қозғалдың ба, Мына төбе Жатқандай көз алдымда қабыр аунап! Пай-пай-пай,…

Read More

14-15 тамыз күндері Алматы қаласында «Ер Жәнібек» халықаралық қорының басқосуы өтті. Кешке Астана қаласынан жазушы Ж. Шәкен, ақын Д. Кәпұлы, сонымен қатар «Ер Жәнібек» халықаралық қоғамдық қорының президенті медицина ғылымдарының докторы М. Темірбаев, профессор Т. Кәкішев, Б. Бопайұлы, дінтанушы М. Бұлытай, бапкер Қ. Сүлейменов, журналист Қалман Зуқабатыр немересі,, тарихшы Н. Базылхан, Т. Жеңіс, М. Омаров, Қадыржан аға сынды сыйлы қонақтар қатысты. Кеш барысында ұлтымыздың айтулы батырларының бірі Ер Жәнібек бабамыздың 2014 жылғы өтетеін 300 жылдық мерейтойының жай-жапсары, жоспары талқыланды. Жиналған қауым өзіндік ұсыныстарын ортаға салып, ер Жәнібек батырдың ерліктерін, қазақ халқына қосқан өлшеусіз үлесі жайында сөз етісті. Батырдың үш жүз…

Read More