Кешелі бері постыма бауырларым сұрақтары мен сындарын толтырып тастапты…Сын деген ол ғалым үшін таптырмас қазына. Олардың сыны деген бүгінгі қоғамдағы діни таным қабаттарының, ерекшеліктері мен методологиялық, ұстанымдық, идеялық бағыттары мен білім алу ошақтарының қоғамдағы платформасы мен мазмұнын ашып береді. Комментариилер қоғам үшін де, тақырыптың ашылуына да, діни танымды нақтылауға да пайдасы бар. Осылайша пікірталастардан елдегі дін ғылымдарының саласы теориялық және практикалық деңгейге көтеріледі . Сонымен қатар зерттеулер мен тақырыптар да нақтылана түседі, инш алла. Сонымен, бірден басынан бастап алдымен жауап беріп тастайын… Құран аудармалары оған жасалған тафсирлер, Құран ғылымдарындағы бүгінгі ислам әлеміндегі ғылыми талдаулар мен методологиялық эпистемиологиялық ізденістер осы теологиялық…
Автор: admin
«Мен Ақаев пен Бакиевтің орындарында президентіміз Назарбаев болғанда, жағдайымыз мүлде басқаша қалыптасар еді-ау, деген ойға жиі берілемін» деді Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев 20 наурыз күні Бішкекте мектептің ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде. Бұл туралы Өзбекстанның CA-NEWS порталы хабарлады. «Мен бірінші кезекте Қазақстан президентіне алғыс сезімімді жеткізгім келеді. Онымен әрбір кездескен сайын ақсақалдың тек Қазақстан халқы үшін ғана емес, сонымен қатар, Қырғызстан мен біздің жұртымызға да айрықша жаны ашитынына көз жеткізе түсемін. Мұндай лидерлер тым аз. Жақында Қазақстанда сайлау өтеді, ал Назарбаев секілді басшыны табу өте қиын. Мұндай басшысының болғанын тек Қазақстан ғана емес, басқа кез келген халық та қалаған болар еді»,…
Петропавлда мемлекет және қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының кандидаты Жұмабек Тәшеновтің 100 жылдығы құрметіне ескерткіш орнатылып, №20 орта мектепке аты берілді. Салтанатты жиынға облыс әкімі Ерік Сұлтанов қатысты. «Жұмабек Тәшенов халық үшін көп қызмет еткен тұлға. Еңбек еткен жылдарының басым бөлігі өңірге арналды. Біртуар, мәртебелі азамат Отанының нағыз патриоты, әділдік үшін күрескер ретінде халқының мәңгі есінде қалады. Жұмабек Тәшеновтің ескерткішін орнату біз үшін, өскелең ұрпақ үшін ерекше ғибратты мәні болатынына сенімдімін», — деді салтанатты рәсімде Ерік Сұлтанов. Жұмабек Тәшенов Ақмола облысының Танагүл ауылында 1915 жылы наурызда дүниеге келген. 5 бала тәрбиелеген. 1938-1947 жылдарда СҚО ауыл шаруашылығында қызмет еткен. Экономика, ғылым, мәдениет,…

