Польшада тұратын этникалық қазақ әйел, «Еуропадағы қазақ оппозициясының белсендісі» деп сипатталатын Балли Мажец Польша президенттігіне кандидат болып тіркелді. Польша орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, Балли Мажец президенттікке 24-үміткер болып 16 наурызда тіркелген-деп хабарлайды азаттық радиосы. Балли Мажец — бірнеше жыл бұрын Қазақстаннан Польшаға кетіп, сол елде тұрақтап қалған қоғамдық белсенді.
Автор: admin
16 наурызда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы болды, онда Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Жарылқап Сейдләұлы Қалыбайдың Қазақстан Республикасының Конституциясы мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңында қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілеу және оған өз кандидатурасын қолдап қолдар жинау үшін қол қою парақтарын беру туралы қаулы қабылданды. Ортсайлауком дауыс беруге арналған жәшіктерді пломбалау немесе мөрлеу жөніндегі нұсқаулықты бекітті. Аталған құжат дауыс беру басталғанға дейін отыз минут бұрын учаскелік сайлау комиссиясы жүргізетін жәшіктерді пломбалау немесе мөрлеу рәсімін айқындайды. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі
Жуырда от ауызды, орақ тілді айтыскер ақын Ринат Зайытов ҚазҰУ-дың студенттерімен кездесу өткізді. Әр заманда да ақынын әспеттеген елдің ақыннан күтері аз болмаса керек. Оның бір дәлелі – осы кездесуге жиналған жұрттың молдығы. Бір бұрышта бүкіл кездесуге куә боп біз де тұрдық. Сосын да сол жердегі жұрт болып жапырыла қойған сұрақтардың жауабын ептеп түртіп алып, елді құлағдар етуге асықтық. Топ пен тобыр «Жалғыздан жортады екен жолбарыстар, өзі мықты – қайтеді топ көбейтіп?» деген сөз бар. Бізде қазір – топтанып қадам басуға тәрбиеленген қоғам. Бірақ адам баласы патриот болу үшін, оған біреудің соңына еріп қажеті жоқ. Студенттер, жастар, сөз жоқ –…

