Жуырда от ауызды, орақ тілді айтыскер ақын Ринат Зайытов ҚазҰУ-дың студенттерімен кездесу өткізді. Әр заманда да ақынын әспеттеген елдің ақыннан күтері аз болмаса керек. Оның бір дәлелі – осы кездесуге жиналған жұрттың молдығы. Бір бұрышта бүкіл кездесуге куә боп біз де тұрдық. Сосын да сол жердегі жұрт болып жапырыла қойған сұрақтардың жауабын ептеп түртіп алып, елді құлағдар етуге асықтық. Топ пен тобыр «Жалғыздан жортады екен жолбарыстар, өзі мықты – қайтеді топ көбейтіп?» деген сөз бар. Бізде қазір – топтанып қадам басуға тәрбиеленген қоғам. Бірақ адам баласы патриот болу үшін, оған біреудің соңына еріп қажеті жоқ. Студенттер, жастар, сөз жоқ –…
Автор: admin
Мына мақала осыдан бір ғасыр бұрын «Айқап» газетінде шыққан екен, әлі күнге дейін өзекті болып отыр: «Қазаққа алалық қайдан келді»? Петерборск императорск публичный библиотекада Росийский закондарын жинаған кітаптарды ақтарғанда, оқып қарағанда екінші Екатерина патшаның шығарған құпия указ қағазы ұшырайды. Сол указ көшіріліп алынса да бүгін де қағаздар арасынан табылмай жүр. Солай болса да 1775 һәм 1780 жылдардың арасында шыққан закондар арасынан іздеген кісіге табылса керек?! Бұл указ өткен уақытта құпия болса да бүгінде закон болып шыққандықтан, әркімге оқуға болады. Указ Орынборск генерал-губернатор жәнәптеріне жазылған екен. Сөзі ойдан шығып ұмытылмаса, былай сықылды еді: 1) Қырғыз-қазақ халқының бір ру басшыларын екінші…
ЮНЕСКО Бас директоры И. Бокова Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының V съезіне қатысады-деп хабарлайды СІМ-ің баспа сөз қызметі. 13 наурызда Парижде ЮНЕСКО Штаб-пәтерінде өткен кездесу барысында Төтенше және өкілетті Елші, Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО жанындағы тұрақты өкілі Нұрлан Дәненов ЮНЕСКО-ның Бас директоры Ирина Боковаға ағымдағы жылғы 10 – 11 маусымда Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының V съезіне қатысу үшін ресми шақыруды табыс етті. Осы Форумда талқылауға ұсынылған сұрақтардың ерекше өзектілігі аталынып өтті. ЮНЕСКО басшыларының және оның жоғары өкілдерінің 2006, 2009 және 2012 жылдары болып өткен Съез отырыстарына жиі қатысуын діни және саяси көшбасшылардың арасында жемісті диалог орнату…

