Бірінші орта салмақтағы 30 жастағы қазақстандық боксшы Қанат Ислам үзілістен кейін рингке қайта оралмақ. Бастапқыда Қанат атағы шыға қоймаған колумбиялық боксшы Карлос Гальванмен (10-2-1, 9 КО) кездесуі тиіс еді, бірақ белгісіз себептермен ол жекпе-жектен бас тартты. Енді қазақстандық кәсіпқой боксшының 23 наурызда басқа колумбиялық боксшы Орландо Хесус Эстрадамен (11-6-1, 9 КО) жұдырықтасатыны белгілі болды. Ол Қанат Исламға тиесілі WBA Fedelation титулы үшін бақ таластырады. Орландо Де Хесус Эстрада бірінші орта салмақ боксшылары арасында рейтингте 354-ші орында. kazsport
Автор: admin
АҚШ президенті Барак Обама Украинаға 75 миллион АҚШ долларының соғыс құралына жатпайтын әскери техникасы мен құрал-жабдығын беруге шешім шығарды-деп хабарлайды азаттық радиосы. Әскери құрал-жабдық арасында радио, ұшқышсыз басқарылатын ұшу аппараттары, артиллериялық радарлар, түнде көруге арналған құрылғылар, жедел жәрдем көліктері, медициналық қобдишалар мен басқа да керек-жарақтар бар. Бұдан өзге, украин армиясына кез-келген жерде жүре алатын 230 Humvee әскери көлігі де берілмек. Әскери көмек берілетінін АҚШ вице-президенті Джо Байден Украина президенті Петр Порошенкоға телефонмен сөйлескенінде хабарлаған. АҚШ-та Украинаға қару-жарақ беру қажет пе, жоқ па деген тақырыпта талқылау жүріп жатыр. АҚШ қорғаныс министрі Эштон Картер мен ұлттық барлау қызметінің басшысы Джеймс Клэппер Украинаға қару-жарақ…
№ п/п Кандидаттың Т.А.Ә. Туған күні, айы, жылы Лауазымы жұмыс орны Тұрғылықты жері Ұсынылған күні Ұсынылу тәсілі 1. Сырғабаев Асқар Жорабайұлы 31.01.1959 Жеке кәсіпкер Астана қ. 02.03.2015 Өзін-өзі ұсыну 2. Алдажанов Сафиолла Қалабайұлы 25.02.1962 Уақытша жұмыс істемейді Астана қ. 03.03.2015 Өзін-өзі ұсыну 3. Қойшиева Лимана 29.08.1969 «Рухани қоғам әлемі» қоғамдық бірлестігінің президенті Астана қ. 03.03.2015 Өзін-өзі ұсыну 4. Әбдікәрімов Бақыт Төлегенұлы 23.02.1977 «JH -Курылыс» ЖШС инженер – құрылысшысы Астана қ. 03.03.2015 Өзін-өзі ұсыну 5. Мырзашов Сухраб Аминжанұлы 22.09.1984 «JH -Курылыс» ЖШС жүргізушісі Астана қ. 03.03.2015 Өзін-өзі ұсыну 6. Үктешбаев Есенбек Жапарұлы 25.04.1958 Қоғам қайраткері Алматы қ. 04.03.2015 Өзін-өзі ұсыну…

