Автор: admin

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Ислам әлемінің ғұламасы, мүфти, ұстаз, шейх Мұхаммед Садық Мұхаммед Жүсіптің қазасына орай Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Усмонхон Әлімов мырзаға, марқұмның туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады. «Қаралы хабар біздің де жанымызға батты. Өзімнің және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы атынан Сізге, марқұмның туған-туыстарына көңіл айтамын. Қазаның арты қайырлы болсын! Алла Тағала алдынан жарылқап, рақымына бөлегей! Шейх Мұхаммед Садық Мұхаммед Жүсіп өмірін ілім іздеумен, шәкірт тәрбиелеумен, кітап жазумен өткізді. Оның тәрбиелеген шәкірттері мен артына қалдырған діни еңбектері асыл дініміз Исламның өркендеуіне үлес қоса бермек», – делінген жедел хатта. www.muftyat.kz

Read More

Ресей президенті Владимир Путиннің еуразиялық ақша бірлігін құру мүмкіндігін қарастыруға қатысты тапсырмасына іле-шала ЕАЭО басшыларының Астанада жоспарланған үш жақты кездесуі кейінге қалдырылды. Ресей президенті Владимир Путин рубль санап тұр. Мәскеу, 3 шілде 2004 жыл. Парыз БӘЙТЕНОВ Ресей президенті Владимир Путин орталық банк пен үкіметке қыркүйектің 1-іне дейін Еуразия экономикалық одағына мүше елдердің орталық банктерімен бірлесіп ЕАЭО аясында валюта одағын құру мүмкіндігі туралы мәселені талқылауды тапсырды. Кремльдің кешегі ресми хабарламасын кейбір баспасөз құралдары «ЕАЭО-да ортақ ақша бірлігі мерзімінен бұрын енгізілуі мүмкін»деп сан-саққа жорып жатыр. ЕАЭО аясында ортақ валюта енгізу туралы ұсынысын Ресей түрлі деңгейде бұрын да бірнеше рет жариялаған. Былтырғы рубль…

Read More

2015 жылғы 11 наурызда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясында Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссияның отырысы болды-деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі . Мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау рәсімінің нәтижелері бойынша лингвистикалық комиссия ашық дауыс беру арқылы бірауыздан Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мемлекеттік тілді еркін меңгергені туралы шешім қабылдады. Лингвистикалық комиссияның төрағасы М. Жолдасбеков комиссияның шешімін жариялай отырып: «Нұрсұлтан Әбішұлының қазақ тілін терең меңгергені бәрімізге аян. Осыған қарамастан, Елбасы Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде Конституция мен сайлау заңнамасының талаптарын құрметтей отырып, ұсынылған тақырыптарды түбегейлі ашып, қазақ әдеби тілінің…

Read More