
Ағылшынның 14 сериядан тұратын әйгiлi “Мистер Бин” атты комедиясы бар. Бұл комедия Қазақстанда да талай рет көрсетiлдi. Мистер Бин арқылы британдық комик Роуэн Аткинсонның аты әлемге танылды.
Жақында Роуэн Аткинсон ислам дiнiн қабылдады.
Мұсылман болғанымен Роуэн Аткинсонды Туннистiң “Әл-Нахда” (“Возрождение”) партиясының жетекшiсi, комиктiң досы Рашид Ганнуши құттықтады. Бұл туралы Vesti.Az Islam-today.ru. сайтына сiлтеме жасап хабарлайды.
Актердiң айтуынша, интернеттен көрсетiлген Мұхаммед Пайғамбар жайында мазақ фильмi оның ислам дiнiне қызығушылығын арттырған. Ол Пайғамбарды (с.ғ.с.) қорлаған фильмнен кейiн оны жақсы бiлу үшiн, тану үшiн көп iзденген. Оның жолы хақ екенiне көзi жеткеннен соң ислам дiнiн қабылдаған.
zhasalash.kz


