Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Жаңалықтар»Мәжіліс сүзгісінен өткен көші-қон туралы заңды сенаторлар бірауыздан қолдамады
Жаңалықтар

Мәжіліс сүзгісінен өткен көші-қон туралы заңды сенаторлар бірауыздан қолдамады

07/11/20130

ҚР Парламенті Мәжілісінің сүзгісінен өткен еңбек көші-қоны туралы заң жобасы Парламент Сенатының елегінен өте алмады.

Жоғарғы палатаның екінші оқылымында қызу талқыға түскен құжат Мәжіліске кері қайтарылды. Даудың басы отанына оралған қандастарға азаматтық беруден басталды. Заңдағы басты жаңалық – ата-жұртқа оралған ағайынға азаматтық бес жылға дейін берілмейді. Ал бүгінде Қазақстанның толыққанды мүшесі болуға ешқандай шектеу жоқ. Бірақ, ештен кеш жақсы деді ма, бүгін соңғы рет қаралып, Президентке жол тартуы тиіс жобаны сенаторлар бірауыздан қолдамады. Демографиялық ахуалды алға тартқан депутаттар жаңа жүйені орнататын уақыт емес деп қарсы шықты.

Светлана Жалмағамбетова, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

— 5-4 жыл деген ұзақ уақыт сияқты. Өзіміз шақырамыз. Қандастарымыз келіңіздер, бұл отандарыңыз деп келеңсіз жағдай туғызамыз. Оларды қиын уақыттың өзінде біз шақырдық. Қазір аяққа тұрып, дамыған елдің қатарына кіріп отырмыз. Неге біз қазір оларды итеру керекпіз?

Нұрлан Оразалин, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

— Этникалық көші-қон саясатын одан әрі орнықтыру – бәріміздің парызымыз. Ол үшін еңбек көші-қон заңына өзгерістер енгізуге қатысты баптарды түгелімен қысқартып, бесжылдық тыйым мерзімін мүлдем алып тастаған жөн.

Заңдағы жаңалық осымен шектелмейді. Оралмандар квотадан да қағылмақ. Яғни атамекенге көшіп келген қандастарға енді мемлекет көмектеспейді. Депутат Қуаныш Айтаханов: «қиын-қыстау уақытта жәрдем беріп, әл-ауқатымыз артқан тұста тарылғанымызға жол болсын» деп наразылық білдірді.

Қуаныш АйтахановҚуаныш Айтаханов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

— Неге квотаны алып тастаймыз? Мысалы, керемет мамандар болуы мүмкін. Қытайда, басқа елдерде, біздің елімізге керек. Еліміздің экономикасын дамытуға жұмыс жасайтын, шығармашылық адамдар болуы мүмкін. Оларды квотамен жеңілдік арқылы алдыртуға болады ғой. Неге квотаны алып тастаймыз?

24.kz

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleАзияда «ғарыш бәсекесі» күшейді
Next Article Ғалым Боқаш. «16 жасыма хат»

Оқи отырыңыз...

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Бельгия Королі Филипп пен Патшайым Матильданы қарсы алды.

15/10/20262

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты

15/10/20262

Көкжайлауға 2 мыңға жуық Шренк шыршасы егілді.

04/10/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.