Төрағаның базардан мәнті жеуі және ырымшыл Қытайлар
(Қытай сайытынан алынып сарапталды)
2013-жылы желтоқсанның 28-күні түсте , Қытай төрағасы , Компария басшысы, Орталық Қарулы Күштер Көмитетінің төрағасы Ши жинпиңның(Си Цинпин) Бейжиң қаласы солтүстік Юетән жолы Чиң фың мәнті дәмханасынан өшіретке тұрып, түскі тамақ жеген.
Бұл Қытай қоғамында үлкен аңыс қозғады.
Біріншіден, Қытай төрағасы қарапайым халық ретінде өшіретке тұрды;
Екіншіден, қарапайым халықпен бірге көшеден тамақ жеді;
Үшіншіден, ақшасын өзі төледі;
Төртіншіден, картеж бен қорғаушыларынсыз халықпен араласты.
Бұл оқиға қытай халқы жөнінен символдық мәнге ие іс. Қытай ғаламторын кезген бұл ақпаратты келесі күннің халық гәзеті де растап , Төрағаның қарапайым халық қатарында базардан шіретке тұрып тамақ жеуі , 21 юандық тамақтың пұлын қалтасынан төлегендігі, қасына жүгіріп келген 5 жасар бала Юан Баумен әңгілмелесуі — бұл орталықтың жоғары жігіндегілерінің халықпен тығыз араласып, бұқаралық бағытты бастамашылықпен атқарғандығының бейнесі деп түсіндірді.
Ал бізде Мемлекет басшысы осылай, Орталық базардың Дәмханасының алдында, жұртпен бірге тамаққа өшіретке тұрса Қалай болар еді? Мүмкін осындай ұлылық «әлемде тұңғыш» деп күллі әлемге жар салар ма едік!? Тіпті АҚШ пен Европадағы айтылмыш саясаткерлерге сұхбат бергізіп, пайғампармен теңестірер ме едік!? Бәлкім біреулеріміз көзімізге ыстық жас алып, президенттің «періштелігін» айтуға тілімізді жеткізе алмай… күллі теле арналар мен ғаламтор беттері толып…
Шіркін солай болса!
Шынымен айтқанда Германия онцлерінің метромен жұмысқа баруы, АҚШ президентінің әйелін ертіп, көшеден кофе ішуі және халықпен араласуы, тіпті кеше ғана көршіміз Қырғыздың уақыттық президенті болған Отынбаеваның жұмысқа автобуспен баруы – әрқандай нәрсенің шегі мен құны, дәрежесі мен танымы болатынын түсіндірсе керек. Бұл бір жағынан өзін сайлған халықтың сеніміне деген құрметтері болмақ.
Ал бізде кішкентай департамент басшыларының өзі қара көзәйнекті тағып, қара машинамен «құдайдың құлағын ұстағандай» шендене жүруі –шынымен де адамды ұялтады.