Келіссөздер барысында Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі жөніндегі келісімдер үдерісінің қазіргі жай-күйі қаралды.
Мемлекет басшысы еліміздің ДСҰ-ға кіруі басты сыртқы экономикалық басымдығымыздың бірі болып саналатынын атап өтті.
Р. Азеведоның пікірінше, негізгі мәселелер – ДСҰ-ға мүше елдермен келісу, Кеден одағына қатысуына байланысты Қазақстан мен Ресейдің импорттық кедендік баж салығы жөніндегі міндеттемелерін үйлестіру.
Р. Азеведо Нұрсұлтан Назарбаевты ДСҰ Хатшылығы Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі жөніндегі келіссөздердің тезірек аяқталуына барынша қолдау көрсететініне сендірді.
Baq.kz


