АҚШ президенті Барак Обама жұма күні бірінші рет Ресейге ашық түрде қатаң ескерту жасады.
Ол Украина жеріндегі Ресей әскері туралы мәлімет расталса, «бұл — Ресейдің Украина егемендігі мен тәуелсіздігін сыйлау жөніндегі қуаттауын және халықаралық заңдарды біржақты бұзуы» болып табылатынын айтты.
Обаманың айтуынша, «Украина егемендігі мен жер аумағы тұтастығын бұзатын кез келген әрекет — тұрақсыздық факторы, бұл Ресейдің де, Украинаның да, және Еуропаның да мүддесіне қайшы келеді».
Барак Обама Ақ үйде тілшілер алдында осы туралы айта келіп, вице-президент Джо Байденнің Украина туралы Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведевпен телефон арқылы сөйлескенін мәлімдеді.
Азат Еуропа / Азаттық радиосы


