Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Жаңалықтар»Украина армиясы дайындыққа келтірілді
Жаңалықтар

Украина армиясы дайындыққа келтірілді

02/03/20140
Украина армиясы

Украина армиясыУкраина билігі әскердің толық жауынгерлік дайындыққа келтірілгенін хабарлады. 1 наурыз күні Ресей Федерациялық кеңесі Украинаға әскер жіберуді қуаттаған еді. Украина билігі осыдан соң армияны әзірлікке келтірген.

Украина президентінің міндетін атқарушы Александр Турчинов сенбі күні теледидар арқылы әскерді дайындыққа келтіру туралы бұйрықты «Ресей агрессиясы мүмкіндігін ескере отырып» бергенін айтқан.

Ол қауіпсіздік шараларының АЭС-тер мен әуежайларда да күшейтілгенін хабарлады.

Украина премьер-министрінің міндетін атқарушы Арсений Яценюк «Ресей Украина территориясына әскер кіргізбейді» деп болжайды. Оның сөзіне қарағанда, «Ресей оның соғыстың басы екені, барлық байланыстардың үзілетінін түсініп отыр».

Украина саясаткерлерінің бұл комментарийлері 1 наурызда, Ресей парламенті Украина жерінде Ресей әскерін пайдалануға дауыс бергеннен кейін айтыла бастады.

1 наурыз күні Ресей президенті Владимир Путин Федерация кеңесінен Ресей қарулы күштерін Украина аумағында қолдануға рұқсат беруді сұраған еді.

Мұның алдында Мемлекеттік Дума кеңесі мен Федерация кеңесі Путинді Қырым тұрғындарын «күш қолданудан қорғау үшін» барлық мүмкіндікті пайдалануға шақырған еді. Қырымдағы ресейшіл белсенділер де Кремльден аймақта тыныштық орнатуды сұраған.

Украинада Ресей әскерін пайдалану туралы мәселеге дауыс берердің алдында Федерация кеңесінің спикері Валентина Матвиенко «Украинада тұратын Ресей азаматтарының өмірі мен қауіпсіздігіне шын мәнінде қауіп төніп тұр. Севастопольдегі Ресей флотына да қатер бар» деп мәлімдеген.

Федерация кеңесі мәселені құптағаннан кейін Кремль «Путиннің Украинаға қосымша әскер аттандыруға шешім қабылдамағанын» хабарлады.

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ресей әскерін жіберу туралы шешім Қырымдағы оқиғалардың қалай өрбитініне байланысты екенін айтты. Песков «парламенттің жоғарғы палатасының шешімі Путинге жағдайды реттеуге ықпал ететін барлық тәсілдерді пайдалануға құқық беретінін» хабарлады.
Ал Украина билігі бірнеше мың ресейлік жауынгердің Қырымға түсірілгенін айтып отыр. Қырымда орыс ұлты өкілдері көп тұрады және мұнда Ресейдің әскери-теңіз базасы орналасқан.

«Интерфакс» агенттігі Украина армиясындағы дереккөзге сілтеме жасай отырып, Ресейдің екі әскери кемесі Севастопольге тақағанын хабарлады. Дереккөз «бұл Мәскеудің әскери-теңіз базасын жалға алу келісімін бұзғанын білдіретінін» айтқан.

Бұл оқиғалар Батыс елдері басшыларын да алаңдатып отыр. АҚШ, Еуропа Одағы, НАТО Ресейді Украинаға әскер жібермеуге, өз мүддесін бейбіт тәсілдермен қорғауға шақырды.

Азат Еуропа / Азаттық радиосы

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleСоғыс: Халықаралық кепілдеме орындала ма?
Next Article Сағадат Нұрмағамбетов:«Қазақстанның қауіпсіздігі мен тәуелсіздігіне қатер төндіретін бірден-бір мемлекет Ресей болады, түбі содан сақтану үшін әскери дайындыққа кірісе беру керек»

Оқи отырыңыз...

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Бельгия Королі Филипп пен Патшайым Матильданы қарсы алды.

15/10/20262

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты

15/10/20262

Көкжайлауға 2 мыңға жуық Шренк шыршасы егілді.

04/10/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.