Мұндағы ортада да келе жатқан еңсегей бойлы ер қазақ Кемерова облысының губернаторы Аманкелді Төлеев те, оның оң жағындағы ҚХР Шыңжаң өлкесі Алтай аймағында уәли болған Қадыс Жәнібіл дейтін мықты. Сол жағында келе жатқан аласа бойлы сылыңғыр қара сол кездегі Моңғол елінің Бай-өлке аймағын басқарған Мизамхан Күнтуғанұлы.
Алтай тауының қос қапталын мекен еткен қазақтың басшылары — Қадыс пен Мизамхан ағалар Ресейге губернатор Аманкелді Төлеевтің шақыруымен барған. Құтты қонақтарға Аман мырза қой сойып, қонағасы беріп қана қоймай, қазақтар шоғыр қоныстанған өлкенің дамуына да көмек көрсетуге әзер екенін айтқан.
Нәтижесінде Бай-өлкенің іргесіне тиіп тұрған Қосағаш жеріне ет комбинатын салдырып, бай-өлкеліктердің мал етін өткізуіне жағдай туғызған. Қазіргі таңда Алтай уәлиі болған Қадыс мырза Үрімжі қаласында аман-есен зейнеткерлік жасында отыр. Мизамхан ағамыз төрт жылдың алдында дүниеден өтті. Бұл азамат өзінің жеке өмір тарихында моңғол қазақтары атынан ҚР Президентімен бес дүркін жолығып, дидарласқан тағдырлы тұлға.
Бекен Қайратұлы


