Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Жаңалықтар»Моңғолиялық саятшы қазақ қызы ағылшын басылымының кейіпкеріне айналды
Жаңалықтар

Моңғолиялық саятшы қазақ қызы ағылшын басылымының кейіпкеріне айналды

01/04/20140

 Ағылшынның Daily Mail басылымында «Алтын қыз: Қазақтың салт-дәстүріндегі асыл құндылықтардың бірі — құсбегілік өнерін игерген он үш жасар жалғыз қыз» деген тақырыппен мақала жарияланды. Онда Моңғолияда тұратын Айшолпан (Ashol Pan) есімді 13 жастағы қыз әлемдегі ең жас құсбегі екендігі айтылған. 

Бір кездері израильдік әскердің фотосуретшісі болып жұмыс істеген Ашер Свиденский PR саласына ден қойып, одан туристерге жолнұсқаушы болып жұмыс істей бастаған. Ол көбінесе Моңғолияның таулы аймақтарын бетке алып, сол өңірлердегі мәдениетті суретке түсіруді ермегіне айналдырған.
«Әсіресе, ол өз суреттерінде бүгінде көмескі тартып, жоғала бастаған ежелгі салт-дәстүрлердің бірі құсбегілік өнердің өкілдеріне ерекше мән береді» деп жазады басылым.


Жалпы, моңғол тауларының бөктерінде жол көрсететін саяхатшылардың көбі бұл мекенді аттың үстінде жүріп аралауға мәжбүр. Өйткені Орталық Азия елінің бұл бөлігінде көлік жүретін жолдар санаулы ғана. Ашер Свиденский осындай күндердің бірінде (туристерге гид боп жүргенде) сегіз жасында құсбегілік өнерді игере бастаған Моңғолиядағы ең жас бүркітші — он төрт жасар Бахак Биргенді кезіктірген. Бахакты суретке түсіргеннен кейін фотограф тағы бір бүркітшіні суретке түсіруге бел байлайды. Оған уақыты мен қаржысы жеткілікті болған соң, саятшы қыз баланы түсірсем деп жолға шығады. Сөйтіп жүргенде кездейсоқ Айшолпанның әкесімен кездескен.


Саятшы қызды суретке түсіру үшін фотограф төрт ай бойы жас құсбегінің үйінде қонақ болған. Айшолпанның әкесі, дәстүр бойынша үйдің үлкен баласы (әсіресе ұлы) жауынгерге сай тәрбилену керектігін айтқан. Сондай-ақ Айшолпан үйдің үлкені болған соң оны салт-дәстүрге сай ұлттық өнерді меңгеріп өсуіне барыншы күш салып отырғанын да жасырмаған.
ҚазАқпарат

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleУкраина Ресей шабуылына дайындалып жатыр
Next Article ҚАНАТ ИСЛАМ:Отаншылдықтың қайнар көзі – намыс пен ардан бастау алады

Оқи отырыңыз...

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Бельгия Королі Филипп пен Патшайым Матильданы қарсы алды.

15/10/20262

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты

15/10/20262

Көкжайлауға 2 мыңға жуық Шренк шыршасы егілді.

04/10/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.