Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Жаңалықтар»Елбасы :Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығымен жұмысты жандандыру керек.
Жаңалықтар

Елбасы :Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығымен жұмысты жандандыру керек.

07/04/20141
Арыстанбек Мұхамедиұлын қабылдады

 

Арыстанбек Мұхамедиұлын қабылдадыПрезидент Нұрсұлтан Назарбаев жаңа Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығымен жұмысты жандандыруды тапсырды деп хабарлайды KEREY.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мемлекет басшысы ведомство жұмысының басым бағыттарын белгілер берді.

Кездесу барысында Ұлттық мұражайды ашу мәселелері, ЕХРО-2017 халықаралық көрмесіне дайындықтың мәдени аспектілері, сондай-ақ  министрліктің қызметінің басты бағыттары талқыланды. 

Мемлекет басшысы Республикада 8 мың жергілікті және 39 республикалық мәдениет мекемесі жұмыс істейтінін, олардың рөлі күннен-күнге ұлғайып келе жатқанын атап өтті.

– Соңғы 10 жылда театрға келушілер саны – 50 пайызға, музейге келушілер –25 пайызға, кітапханаға келушілер – 40 пайызға, концерт залдарына келушілер – 100 пайызға, кинотеатрға келушілер саны 400 пайызға көбейді. Мұның бәрі халықтың әл-ауқатының артқанын және мәдениетке, білімге деген ынтаның өскенін білдіреді. Соған байланысты осы саладағы кадрларды сапалы даярлау, қызметтің бірыңғай тәжірибелерін әзірлеу мәселесін қарастырған жөн. Әр облыста мемлекет қаржыландыратын 2 театрдан бар. Бүгінде халық арасында олардың қандай жұмыс жүргізетініне, мәдени салмағы мен қызметінің сапасы қаншалықты екендігіне көбірек көңіл аударған жөн, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті жұмысы күшейтілуге тиіс бірқатар бағыттарға тоқталды.

– Азаматтық қоғаммен ынтымақтасу, мемлекеттік тіл үйрететін аккредиттелген орталықтар желісін құруды жалғастыру қажет. Әлеуметтік тапсырыстар аясында барлық шығармашылық одақтармен, Қазақстан халқы Ассамблеясымен, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығымен, «Болашақ» бағдарламасымен жұмысты жандандыру керек. Әлеуметтік маңызы бар әдебиеттерге келсек, халыққа қызықты, мазмұны сапалы шығармаларды шығаруға назар аудару қажет. Біз – жазушыларға шығармаларын басып шығаруы үшін қаражат бөліп отырған жалғыз мемлекетпіз. Шығармалар елдің ішінде де, сыртында да біздің мәдениетіміздің рөлін арттыруға бағытталуы тиіс, – деді Мемлекет басшысы.

А.Мұхамедиұлы Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында берілген тапсырмаларының іске асырылуы, соның ішінде Мәдени саясат және халықаралық жүйемен ықпалдастығының ұзақмерзімді тұжырымдамасының әзірлену барысы туралы баяндады.

Бұған қоса, министр Тілдерді дамыту және олардың қызметі жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның іске асырылуы туралы мәлімдеді.

Мәдениет министрі ведомство алдына қойылған міндеттердің бірі қоғамымыздың рухани дамуы екенін атап өтті. Қазақстанда қазірдің өзінде  шеберліктің биік деңгейін көрсетіп жүрген «Астана Опера» опера және балет театры, ұйғыр, корей және неміс театрлары, басқа да мәдени мекемелер бар. Осы орайда негізгі міндет – оларды халықаралық деңгейге шығару.

Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы қаралған мәселелер бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.

 

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleТүркі дәуірінің мемлекет басқару ісі жайлы конгресс өтуде
Next Article Эстониядағы орыстар Ресейдің «азат етуін» керек қылмайды

Оқи отырыңыз...

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Бельгия Королі Филипп пен Патшайым Матильданы қарсы алды.

15/10/20262

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты

15/10/20262

Көкжайлауға 2 мыңға жуық Шренк шыршасы егілді.

04/10/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.