Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Жаңалықтар»Ресей СІМ Қазақстан туралы айтылған пікірлерді негізсіз деді
Жаңалықтар

Ресей СІМ Қазақстан туралы айтылған пікірлерді негізсіз деді

11/04/20141

Ресейдің сыртқы істер министрлігі Қазақстан-Ресей тарихи қарым-қатынасына байланысты Қазақстан туралы негізсіз пікір білдірген аймақтардағы саясаткерлерді сынға алды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

11 сәуірде Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Григорий Карасин мен Қазақстанның төтенше және өкілетті елшісі Марат Тажин Ресей-Қазақстан қарым-қатынасы жайында өзекті мәселелерді талқылап, екі ел арасындағы жоғары деңгейдегі байланыстар, екі жақты және жанжақты ынтымақтастықты тереңдетуге арналған маңызды құжаттар дайындау мәселесін сөз етті.

«Кездесу барысында Ресей жағы соңғы уақыттарда кейбір аймақтардағы басқару орган өкілдерінің Ресей-Қазақстан қарым-қатынасына байланысты тарихи аспектілер жайында айтқан пікірлерін сынға алды», — делінген мәліметте. Сыртқы саясат және шет елдермен арадағы қарым-қатынасқа байланысты айтылған мәлімдемелер мен пікірлер Ресей Федерациясы билігінің, РФ сыртқы істер министрлігінің ұстанған саясатына қайшы келеді. «Ресей-Қазақстан достығы одақтастас ретіндегі байланыс, екі тәуелсіз елдің ұмтылысы, тең құқылы стратегиялық серіктес ретінде өзара түсіністік, сондай-ақ қауіпсіздікті күшейтуге және еуразиялық кеңістікте тұрақтылықты нығайтуға бағытталған», — делінген баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Еске саламыз, ресейлік бірқатар ақпарат құралдары Штыгашевтің пікірін жария еткен болатын, онда Хакасия Жоғарғы кеңесінің төрағасы Ресейдің бұрынғы КСРО-ның кейбір аумақтарына, соның ішінде, Қазақстанның шығыс облыстарына тарихи құқы бар екені айтылған. «Қазақстанның аумағы кішкентай болатын, Есіл облысының (Омбы облысы) бір бөлігін беру туралы шешім қабылданды. Берілді де, Қарағанды құрылды. Бұл — 1936 жыл, жуырда ғана. Біз Қазақстанға барлығы бес облысты бердік, содан кейін Қазақ АКСР-і КСР деп қайта аталды. Бұл аумақтар айырбас бақыры сияқты берілді. (…) ТМД шеңберінде шекараны белгілеу жылдам жүргізілмеді, неге? Өйткені әр халықта өз елін қалпына келтіру ниеті туындауы мүмкін еді», — делінген пікірде.

Жоғарғы кеңес өкілдері Tengrinews.kz-тің сауалына қайтарған жауабында журналистер Штыгашевтің сөзін дұрыс жеткізбегенін айтты. «Шанс» тәуелсіз интернет-ресурсында жарияланған материалда басылымның тілшісі Хакасия Республикасы Жоғарғы кеңесі төрағасының бұрынғы КСРО туралы ойын дұрыс жеткізбеген. Владимир Штыгашев КСРО шеңберінде одақтас республикалардың шекарасы қандай болғанын және қалай өзгергенін айтты. Жоғарғы кеңес төрағасының сөзінде біреудің аумағына, атап айтқанда, Қазақстанның аумағына қатысты қандай да бір тарихи немесе басқа да құқық туралы айтылмағанын атап өткім келеді», — дейді Хакасия Республикасы Жоғарғы кеңесі аппарат жетекшісінің орынбасары, кеңестің Ақпараттық саясат және қоғаммен байланыс жөніндегі бөлімінің бастығы Олег Николаев. Ол редакцияның оқырмандарды көбірек тарту үшін материалға даулы тақырып қойғанын айтты. «Шанс» интернет-ресурсының редакциясы біздің пайымдауымызбен келісіп, тақырыпты өзгертті, материалдың мәтінін түзетті. Қазіргі уақытта бұл материал «Владимир Штыгашев КСРО-ны еске алды» деп аталады. Интернет-ресурстың редакциясы материалдың алғашқы жолдарын да өзгертті», — деп түсіндірді Николаев. Айта кетейік, атышулы мақала о баста «Ресейде Шығыс Қазақстанға таласу туралы айтылып жатыр» деген тақырыппен жарияланған болатын.

Ал осы жағдайға байланысты кеше Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Ресей елшісі Михаил Бочарниковты түсініктеме беру үшін шақыртты. «Жағдайға байланысты түсініктеме алу үшін ҚР Сыртқы істер министрлігіне Қазақстандағы Ресей Федерациясының елшісі Михаил Бочарников арнайы шақыртылды. Ресейдің ресми билігі Штыгашевтің айтқан сөздеріне нақты түсініктеме береді деп ойлаймыз», — деген болатын ҚР СІМ баспасөз хатшысы Нұржан Айтмаханов.

tengrinews.kz

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleКөктоғай ауданы дүре ауылының оқу- ағарту тарихынан қысқаша шолу
Next Article «Таэквондо хандығының даңқты Қағаны»

Оқи отырыңыз...

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Бельгия Королі Филипп пен Патшайым Матильданы қарсы алды.

15/10/20262

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты

15/10/20262

Көкжайлауға 2 мыңға жуық Шренк шыршасы егілді.

04/10/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.