Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Жаңалықтар»Қорғас ісіне» қатысты үкім шықты
Жаңалықтар

Қорғас ісіне» қатысты үкім шықты

12/04/20140

Атышулы «Қорғас ісіне» қатысты үкім шықты деп хабарлайды tengrinews.kz тілшісі әскери аудандық сот залынан.

Істегі негізгі айыпталушылардың бірі Талғат Қайырбаевқа қылмыстық істі ұйымдастырды, экономикалық контрабанда, ақшаны қылмыстық жолмен заңдастырды, пара алуға жол берді деген айыптар тағылып, ол 16 жылға бас бостандығынан айрылып, сот дүние-мүлкін тәркілеуге қоса үкім кесті және Қайырбаев жазасын қатаң мерзімдегі коллонияда өтетін болды. Сондай-ақ оған бостандыққа шыққаннан кейін де үш жылға дейін кәсіпкерлікпен айналысуға тыйым салынды.

Қылмысқа қатысы бар тағы бір тұлға Бақыт Отарбаев 13 жылға бас бостандығынан айрылды. Отарбаевтың да дүние-мүлкі тәркіленіп, оған да 3 жылға дейін кәсіпкерлікпен айналысыуына тыйым салынды.

Жоғары лауазымды тұлға Талғат Жақаев пен Ерлан Әбдрахмановқа сот 17 жылдық мерзімде қатаң режимді коллонияда жазасын өтеуді кесті.

Бұған қоса оларға жазасын өтеп шыққаннан кейін 3 жылдық межеде мемлекеттік қызметке араласуына тыйым салынды. Сондай-ақ Талғат Жақаевтан полковник шені, Әбдрахмановтан подполковник шені алынды. Ал олардың әріптесі Бақытбек Құрманғалиев 16 жылға бас бостандығынан айрылды. Оның да  полковник шені қоса алынып, 5 жылға дейін мемлекеттік қызметпен айналысуына тыйым салынды.

Өз кезегінде Алматы облыстық Кеден қызметінің экс-басшысы Құрманбек Артықбаевқа да қатаң жаза тағайындалды. Сот оған қаржылық қылмысқа араласып экономикалық сыйбайлас жемқорлыққа қатысы бар болғаны үшін 14 жылға үкім кесіп, Артықбаевтың да полковник шені алынып, кедендік қызметте жұмыс істеуіне тыйым салынып, мемлекеттік қызметтен 5 жылға аластатылды. Оның да дүние-мүлкін тәркілеу туралы шешім қабылдады.

Айта кетейік, «Қорғас ісіне» қатысты  өзге тұлғаларға да прокурарлар 12 жылдан үкім кесуді сұраған. Дегенмен бұл іске қатысы бар өзге тұлғаларды сот 5-10 жыл аралығында бас бостандығынан айырды. Олардың да әскери шені алынып, мүліктері тәркіленуге үкім шықты.

Еске салайық, бұл іске қатысты қылмыстық топтың астыртын әрекеттерін қаржы полициясы 2011 жылы әшкерелеген болатын. Лауазымды тұлғалардан құралған ұйымдасқан топ 5 жыл бой Қазақстан –Қытай шекарасында заңсыз тауар тасымалдап келген.

Бұл іс бойынша айыпталушылардың саны 45-ке жеткен. Айыпталушылар – Ұлттық қауіпсіздік және Кедендік бақылау комитетінің лауазымды тұлғалары. Оларға «жалған компания құрып, заңсыз жолмен тауар тасыды» деген айып тағылды.
Тергеу амалдарынан кейін сот ісі 2013 жылдың 20 маусымынан басталды. Оған 4 прокурор, 35 адвокат қатысты. Бұған дейін барлығы 162 сот отырысы болды.

tengrinews.kz

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleҚытай әдебиетіндегі “Хан Хан құбылысы”
Next Article Түркия Қазақтары

Оқи отырыңыз...

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Бельгия Королі Филипп пен Патшайым Матильданы қарсы алды.

15/10/20262

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты

15/10/20262

Көкжайлауға 2 мыңға жуық Шренк шыршасы егілді.

04/10/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.