Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Жаңалықтар»Ресейдің Хакасия Жоғарғы кеңесінің төрағасы қазақстандықтардан кешірім сұрады
Жаңалықтар

Ресейдің Хакасия Жоғарғы кеңесінің төрағасы қазақстандықтардан кешірім сұрады

13/04/20141
Хакасия Жоғарғы кеңесінің төрағасы қазақстандықтардан кешірім сұрады

Хакасия Жоғарғы кеңесінің төрағасы қазақстандықтардан кешірім сұрадыХакас Республикасы Жоғарғы кеңесінің төрағасы Владимир Штыгашев Ресейдің Шығыс Қазақстанға таласы жайлы пікірге қатысты қазақстандықтардан кешірім сұрады, — деп хабарлайды «Шанс online».

«Кейбір бұқаралық ақпарат құралдары жеткізген менің ой-толғамдарымның екіұдай түсініктің қалыптасуына себеп болғанына қатты өкінемін. Мен үлкен көпұлтты тату ұжымы бар балалар үйінде өстім. Бұл соғыстан кейінгі жылдар еді. Менің түрлі ұлттан достарым пайда болды, олармен әлі күнге дейін байланыстамын. Біз әрқашан тіл табыса білдік және бір-біріміздің тамырымызды құрметтей білдік», — дейді Штыгашев.

Ол Ресей империясының, кейін КСРО шекарасының тарих қатпарында қалай өзгергені туралы өз ойларының басқаша жеткізілгеніне қатты таңданғанын айтты. «Мен ешқашан ешқандай елге, соның ішінде, Қазақстанға тарихи құқығымыз бен аумақтық таласымыз бары туралы айтқан емеспін. Ол — біздің көршілеріміз, біздің достарымыз және серіктеріміз. Менің пікірімнің дұрыс түсіндірілмегені және бауырлас халықтың наразылығы мен түсінбестік туғызғаны маған жағымсыз әсер қалдырды. Егер мен өз сөзіммен біреуді өкпелетсем, шын жүректен кешірім сұраймын», — деп мәлімдеді Штыгашев.

Еске салайық, бірқатар ресейлік БАҚ Хакас Республикасы Жоғарғы кеңесінің төрағасы Владимир Штыгашевтің Ресейдің Шығыс Қазақстанға таласы бары туралы пікірі ретінде мына дәйексөзді келтірген болатын: «»Қазақстанның аумағы кішкентай болатын, Есіл облысының (Омбы облысы) бір бөлігін беру туралы шешім қабылданды. Берілді де, Қарағанды құрылды. Бұл — 1936 жыл, жуырда ғана. Біз Қазақстанға барлығы бес облысты бердік, содан кейін Қазақ АКСР-і КСР деп қайта аталды. Бұл аумақтар айырбас бақыры сияқты берілді. (…) ТМД шеңберінде шекараны демаркациялау жылдам жүргізілмеді, неге? Өйткені халықтардың елді қалпына келтіру ниеті туындауы мүмкін еді».

Бірақ кейін Хакасия Республикасы Жоғарғы кеңесі аппарат жетекшісінің орынбасары, кеңестің Ақпараттық саясат және қоғаммен байланыс жөніндегі бөлімінің бастығы Олег Николаев журналистердің Штыгашевтің пікірін дұрыс жеткізбегенін айтты. «Жоғарғы кеңес төрағасының сөзінде біреудің аумағына, атап айтқанда, Қазақстанның аумағына қатысты қандай да бір тарихи немесе басқа да құқық туралы айтылмағанын атап өткім келеді», — деді ол.

ҚР Сыртқы істер министрлігі өз кезегінде РФ ресми өкілдерінің орынсыз пікірлерінің жиі айтылып кетуіне байланысты алаңдаушылық білдіріп, Ресей елшісін соңғы жайтқа қатысты түсініктеме беруге шақыртты. Кейін РФ Сыртқы істер министрлігі бұл туралы ресми ұстанымын жария етіп, аймақтардағы жекелеген саясаткерлердің пікірін қазақ-орыс тарихи қарым-қатынасы тұрғысынан жауапсыздық деп атады.

tengrinews.kz

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleТүркия Қазақтары
Next Article БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Украина жайын талқылады

Оқи отырыңыз...

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Бельгия Королі Филипп пен Патшайым Матильданы қарсы алды.

15/10/20262

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты

15/10/20262

Көкжайлауға 2 мыңға жуық Шренк шыршасы егілді.

04/10/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.