Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Жаңалықтар»Мемлекет басшысы өткізген кеңесте Ұлттық Банктің есебі қаралды
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы өткізген кеңесте Ұлттық Банктің есебі қаралды

16/04/20140
Мемлекет басшысы өткізген кеңесте Ұлттық Банктің есебі қаралды

Мемлекет басшысы өткізген кеңесте Ұлттық Банктің есебі қаралдыКеңеске Президент Әкімшілігінің Басшысы Н.Нығматулин, Ұлттық Банк төрағасы Қ.Келімбетов, Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Б.Сұлтанов, Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі Е.Орынбаев, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Е.Досаев, сондай-ақ Ұлттық Банк төрағасының орынбасарлары қатысты.

Кеңес барысында еліміздің қаржы секторының қазіргі мәселелері мен міндеттері талқыланды, сондай-ақ Ұлттық Банктің 2013 жылғы және 2014 жылдың алғашқы тоқсанындағы есебі тыңдалды.

Мемлекет басшысы жалпы бүгінгі күні елдегі қаржы секторының дамуын тұрақты деп сипаттауға болатынын атап өтті.

–  Экономикадағы несиелер өткен жылмен салыстырғанда 13%-ға өсті. Халықтың депозиттерінің көлемі 10 триллион теңгеге жетті. Біздің экономикалық қауіпсіздігіміздің кепілі болып саналатын Ұлттық қордың қаражаты бір жыл ішінде 22%-ға дерлік артып, 70 миллиард долларға ұлғайды. Зейнетақы активтерін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына біріктіру үдерісі аяқталды. Сақтандыру нарығы да өсіп жатыр, оның активтері есепті кезеңде 18%-ға артты. Қаржы саласын одан әрі нығайтуда жүйелі қадамдар жасау үшін Ұлттық Банк Үкіметпен бірлесіп, Қаржы секторын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын әзірлеуде. Бұл жұмысты биылғы маусымға қарай аяқтау керек, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қ.Келімбетов Ұлттық Банкке жүктелген міндеттердің орындалу барысы туралы, атап айтқанда, қаржы-несие саясатын іске асыру және қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету жөнінде баяндады.

Кеңес қорытындысында Мемлекет басшысы Ұлттық Банк пен Үкіметке екінші деңгейдегі банктер портфеліндегі жұмыс істемейтін несиелер деңгейін азайту, банк секторын Базель III капиталы стандарттарына өткізуді қамтамасыз ету, қаржылық қызмет көрсетуде тұтынушылар құқығын қорғауды күшейту және олардың сапасын арттыру, сондай-ақ құнды қағаздар нарығын дамыту жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
РЕСМИ САЙТЫ

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleҚандастарды бірінші кезекте баспана және жұмыспен қамтамасыз ету мәселесі қаралуда
Next Article «ЕЛ ҚОРҒАНЫ – ЕР ЖӘНІБЕК» АТТЫ АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖЫР-МҮШӘЙРАСЫ

Оқи отырыңыз...

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Бельгия Королі Филипп пен Патшайым Матильданы қарсы алды.

15/10/20262

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты

15/10/20262

Көкжайлауға 2 мыңға жуық Шренк шыршасы егілді.

04/10/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.