Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Жаңалықтар»ҚАЗАҚСТАН ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНІҢ ТАРИХЫНДА АЭРОҰТҚЫР ӘСКЕРЛЕРІ ТҰҢҒЫШ РЕТ ТҮНГІ ЖАҒДАЙДА СУДАН СОҒЫСА ӨТУ ҚИМЫЛДАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРДЫ.
Жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНІҢ ТАРИХЫНДА АЭРОҰТҚЫР ӘСКЕРЛЕРІ ТҰҢҒЫШ РЕТ ТҮНГІ ЖАҒДАЙДА СУДАН СОҒЫСА ӨТУ ҚИМЫЛДАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРДЫ.

17/04/20140

Қазақстан Қарулы Күштерінің тарихында Аэроұтқыр әскерлері тұңғыш рет түнгі жағдайда судан соғыса өту қимылдарын жүзеге асырды.

Екі жүзден астам ауыр және дөңгелекті техника шынайы жауынгерлік жағдайда су кедергілерін кесіп өтті. Осы мақсат үшін инженерлік бөлімшелер Іле өзеніне понтонды көпір қойды. Түн қараңғылығында осы көпірден артиллерияның сүйемеледеуі арқылы десантты-шабуылдаушы бөлімшелердің техникалары жүріп өтті.

Өзеннен өту қимылдары Аэроұтқыр әскерлерінің бөлімшелері қатысқан бригадалық-тактикалық оқу-жаттығулар шеңберінде жүргізілді. Осының алдында ғана таңғы сағат алтыда 4 гарнизонның бригадалары дабыл бойынша көтерілген болатын. Бірнеше шақырымдық марш жасаған бөлімшелер Іле өзенінен өту үшін лектерді жасақтау ауданына топтасты. Осымен бір мезгілде бригадалық-тактикалық оқу-жаттығуға қатысушылар парашют арқылы тікұшақтан десант түсіруді жүзеге асырды.

Түнгі жағдайда өзеннен соғысы жүріп өту жеке құрамға біліктері мен машықтарын сынақтан өткізуге, ал Аэроұтқыр әскерлерінің басшылығына әскерлер тобын басқаруда мәселелерді пысықтауға мүмкіндік берді. Бөлімшелердің өзара нақты іс-қимылдары және олардың шоғырлануы, әскерлерді сауатты басқару оқу-жаттығудың осы кезеңінің жоғары деңгейде өтуіне мүмкіндік берді. Сонымен қатар, жеке құрам мен техниканы жауынгерлік мақсаттағы ауданға дер кезінде жеткізуді қамтамасыз ете алды.

Оқу-жаттығудың бұл кезеңі «Skylark» ұшу аппаратын пайдаланумен жүзеге асты. Барлаудың қазіргі заманғы техникалық құралдарын қолдану жердегі техниканы тартпай-ақ және жеке құрамның өміріне еш қауіп төндірмей қажетті ақпараттың үлкен көлемін алуға мүмкіндік береді.

Бригадалық-тактикалық оқу-жаттығулары ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес өтуде.

Қазіргі уақытта екі жарым мың адамнан тұратын әскерлер тобы мен бес жүзден астам әскери техника Алматы облысындағы Көктал полигонына шоғырланды.

Оқу-жаттығудың шешуші кезеңі барысында Аэроұтқыр әскерлерінің бөлімшелері шартты қарсыласты қоршау және жою сияқты арнайы әскери қимылдарды жүргізетін болады.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleАваков: Мариупольде 3 сепаратист қаза болды
Next Article Саяси мемлекеттік қызметшілер Мемлекет басшысы алдында ант берді

Оқи отырыңыз...

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Бельгия Королі Филипп пен Патшайым Матильданы қарсы алды.

15/10/20262

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты

15/10/20262

Көкжайлауға 2 мыңға жуық Шренк шыршасы егілді.

04/10/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.