Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Жаңалықтар»Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXI сессиясына қатысты
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXI сессиясына қатысты

18/04/20140
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXI сессиясына қатысты

Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXI сессиясына қатысты

 

   Сессия Мемлекет басшысы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Бейбітшілік және келісім сарайында «Қазақстан – 2050 стратегиясы»: татулық, руханилық және келісім мәдениеті» атты күн тәртібімен өтті.

Оның жұмысына Ассамблея мүшелері, Парламент депутаттары, Үкімет мүшелері, саяси партиялар, діни конфессиялар, дипломатиялық миссиялар басшылары, ғылыми және шығармашылық интеллигенция, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері, шетелдік қонақтар қатысты.

Өз сөзінде Мемлекет басшысы қоғамымыздағы тұрақтылық пен бірлік «Қазақстан – 2050»  Стратегиясын іске асырудың аса маңызды факторы екенін атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев толеранттылық пен келісімнің қазақстандық үлгісін одан әрі дамыту жөнінде бірқатар қосымша шаралар қабылдау қажеттігін айтты.

Қазақстан халқы Ассамблеясының және ел Конституциясының алдағы 20 жылдығына байланысты Мемлекет басшысы 2015 жылды «Ассамблея жылы» деп жариялады. Ол Үкіметке Ассамблеямен бірлесіп, тиісті Ұлттық Іс-шаралар жоспарын әзірлеуді, сондай-ақ Астана қаласында Қазақстан халқы форумын ұйымдастыруды тапсырды.

Бұған қоса, Қазақстан Президенті 2015 жылды елордада «Астана – татулық пен келісім қаласы» атты ұранмен өткізіп, оған барлық республикалық этномәдени бірлестіктерді қатыстыру керектігін атап өтті.

Мемлекет басшысы Алматыдағы Достық үйінің базасында Ассамблея қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік мекеме, сондай-ақ аймақтық кіші  ассамблеялар жұмысын қамтамасыз ететін өңірлік мекемелер құру мәселелерін пысықтауды тапсырды.

Іс-шарада білім, медицина, шығармашылық, бизнес, өндіріс саласында еңбек ететін түрлі ұлт өкілдері мен мамандық иелері сөз сөйледі, олардың арасында шет мемлекеттер азаматтары да болды. Олар татулық пен келісімнің қазақстандық үлгісінің зор табысын атап өтіп, қазіргі қоғамдағы бірлік пен толеранттылықтың маңыздылығына тоқталды.

Сессия барысында республикамыздың этномәдени бірлестіктер өкілдері А.Башмаков пен А.Смирнов Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлары болып тағайындалды.

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
РЕСМИ САЙТЫ
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleПАРАЛЛЕЛЬ(Адольф Гитлер-Йосиф Сталин)
Next Article «АҢЫЗ АДАМ» журналына «жаптым жала, жақтым күйе» деп қаралаушылардың назарына!

Оқи отырыңыз...

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Бельгия Королі Филипп пен Патшайым Матильданы қарсы алды.

15/10/20262

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты

15/10/20262

Көкжайлауға 2 мыңға жуық Шренк шыршасы егілді.

04/10/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.