Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Жаңалықтар»Одессадағы қақтығыстарда ондаған адам мерт болды
Жаңалықтар

Одессадағы қақтығыстарда ондаған адам мерт болды

03/05/20140
Одессадағы қақтығыстарда ондаған адам мерт болды

Одессадағы қақтығыстарда ондаған адам мерт болдыОдессада жұма күні қақтығыстар салдарынан ондаған адамның құрбан болуына байланысты үш күндік аза тұту жарияланды.

2 мамыр күні ресейшіл белсенділер мен Украинаның біртұтастығын қолдап шеруге шыққандар арасында қақтығыс болып, қаладағы бес қабатты Кәсіподақтар үйі ғимаратында өрт шыққан. Куәгерлердің сөзіне сілтеме жасаған «Украинская правда» басылымының хабарлауынша, Кәсіподақтар үйі жағынан қарудан атқан дыбыстар естілген, ізінше ғимаратта өрт тұтанған. УНИАН тілшісі бес қабатты ғимараттың екінші және төртінші қабатында өрт шыққаны туралы хабарлады. Кейбір ақпараттар бойынша, ғимараттан «Украинаның тұтастығы үшін» шеруіне шыққандарға қарата оқ атылған.

Украина ішкі істер министрлігі кемінде 31 адамның қаза болғанын, олардың кейбірі өрт кезінде ғимараттан секіріп, кейбіреулер түтіннен тұншығып мерт болғаны жайлы ақпарат таратты. Министрліктің дерегі бойынша, қала ауруханаларына түрлі дәрежедегі жарақат алған 170-тен аса адам түскен.

Жұма күні Одессада Майдан және «Правый сектор» белсенділері ұйымдастырған «Украинаның тұтастығы үшін» шеруіне футбол фанаттары да қолдау білдіріп шыққан болатын.

АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Одессадағы қайғылы оқиғаларға байланысты жұма күні арнайы мәлімдеме жасады.

«АҚШ Одессада құрбан болғандардың қазасына Украина халқымен бірге қайғырады. Халықаралық қауымдастық бүгінде осы қайғылы жайтты басынан өткеріп отырған украин халқына қолдау көрсетуге ынтымақтасуы тиіс. Мағынасыз анархия мен зорлық-зомбылыққа көнуге болмайды. Біз барлық тараптарды бірлесе тыныштық пен тәртіпті қалпына келтіруге күш біріктіруге шақырамыз, сонымен бірге Украина үкіметін болған оқиғаға жан-жақты тергеу жүргізіп, кінәлілердің барлығын жауапқа тартуын сұраймыз» делінген АҚШ мемлекеттік департаменті мәлімдемесінде.

Азат Еуропа / Азаттық радиосы

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleСлавянскідегі операцияның аяқталғаны хабарланды
Next Article Қытайлар: “Қазақтар, сендер малсыңдар, иелерің жоқ” немесе Боғда бөктеріндегі қақтығыс

Оқи отырыңыз...

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Бельгия Королі Филипп пен Патшайым Матильданы қарсы алды.

15/10/20262

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты

15/10/20262

Көкжайлауға 2 мыңға жуық Шренк шыршасы егілді.

04/10/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.