Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Жаңалықтар»Қазақстан «еуразиялық бірыңғай аспан» тұжырымдамасын қолдамады
Жаңалықтар

Қазақстан «еуразиялық бірыңғай аспан» тұжырымдамасын қолдамады

04/05/20141
Қазақстан "еуразиялық бірыңғай аспан" тұжырымдамасын қолдамады

Қазақстан "еуразиялық бірыңғай аспан" тұжырымдамасын қолдамадыЕуразиялық экономикалық одақ туралы шарт жобасынан «еуразиялық бірыңғай аспан» туралы норма алып тасталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімовтің Мәжіліс депутаты Асхат Бекеновтің сауалына қайтарған жауабында қазақстандық тараптың жүргізілген келіссөздер шеңберінде Еуразиялық бірыңғай аспан жобасының пайдасыздығын дәлелдегені айтылады. «Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт жобасынан аталған нормалар алынды», — делінген хатта.

Қазіргі уақытта жобаның «Әуе көлігі» бөлімі екіжақты үкіметаралық келісімдерді дамыту мен жетілдіруді қарастыратын нұсқада келісілген. «Шарт жобасында бизнес-қауымдастықтар мүдделері теңестірілген, көлік қызметтерін ырықтандырудың бірыңғай қағидалары қарастырылған, оны іске асыру кезеңдері жеке халықаралық келісімшарттармен келісіледі», — дейді Кәрім Мәсімов.

Еске салайық, сәуір айында депутат Асхат Бекенов Үкімет басшысына сауал жолдап, еуразиялық ашық аспанды қалыптастыру идеясы мен әуе кеңістігін ырықтандыруға қатысты алаңдаушылық білдірген болатын.

Депутат мынадай цифрларды келтірді: қазақстандық ірі әуетасымалдаушы «Эйр Астананың» әуе флоты 28 әуе кемесінен тұрады, SCAT компаниясында 20 әуе кемесі бар, ал ресейлік екі ірі әуе компаниясының флоттары 137 және 101 әуе кемесінен тұрады («Аэрофлот» және «Трансаэро»).

«Барлық кедергілерді жойғанның өзінде «еуразиялық бірыңғай аспанды» құру қазақстандық авиацияның дамуына кері әсерін тигізеді», — деген болатын Бекенов. Оның айтуынша, бүгінде Қазақстанның әуе көлігі өзге қатысушы мемлекеттермен тең бәсекелестік жағдайында емес.

«Қазақстандық әуе тасымалдаушыларға әуежайлардың қызметі шетелдіктермен тең жағдайда көрсетіледі, қандай да бір жеңілдіктер жасалмайды. Біздің әуе компаниялары елімізде де, басқа елдерде де ешқандай әуежайда артықшылықтарды пайдаланбайды. Ал Ресейде өз әуежайларында ұлттық тасымалдаушыларға төмендетілген тарифтермен қызмет көрсету жолымен жанама субсидиялау қарастырылған», — деді ол.

Бекеновтің айтуынша, Қазақстан мен Ресейдің азаматтық авиация инфрақұрылымдарының түрліше дамуы себепті Еуразиялық экономикалық кеңістіктің көлік саясаты тұжырымдамасы ресейлік әуе көлігі өкілдерінің мүддесіне жауап беретін болады. «Аэрофлот» әуе компаниясы келген жағдайда бәсекелестік нарығында оның артықшылығы болады да, қазақстандық тасымалдаушылардың жағдайы нашарлауы мүмкін.

tengrinews.kz

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleМемлекет басшысы Азия даму банкі басқарушылары кеңесінің 47-отырысына қатысты
Next Article ҚАБАНБАЙҒА ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛДЫ

Оқи отырыңыз...

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Бельгия Королі Филипп пен Патшайым Матильданы қарсы алды.

15/10/20262

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты

15/10/20262

Көкжайлауға 2 мыңға жуық Шренк шыршасы егілді.

04/10/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.