Алдағы екі жыл ішінде Дубай қаласында жүргізушісіз жүретін таксилер пайда болады деп жазады Gulf News газеті.
PRT жүйесі — қалалық жоғары технологиялық көліктің түрі. Ол аранйы белгіленген жолдың көмегімен адамның басқаруынсыз-ақ жолаушыларды тасымалдай алады. Айта кету керек, мұндай жүйедегі көліктерді ғалымдар сонау 1953 жылы ойлап тапқан. Алайда, жүруге қауіпті болғандықтан қолданысқа енгізілген жоқ.
Қазіргі таңда дәл осындай таксилер тек Лондондағы Хитроу әуежайында ғана қызмет көрсетеді. Ол 2010 жылы іске қосылған.
baq.kz


