ҚазАқпарат — Петропавлда жеңіс мерекесі қарсаңында жастар Георгий ленталарына балама болатын оның жаңа түрін ойлап тапқан.
«Отан үшін» деп аталған лентада әдеттегі қызыл қара жолаққа еліміздің туымен түстес көк жолақ қосылған. Фашизмге қарсы күрескен қазақстандық жауынгерлердің ерлігін оның авторлары осылайша ұлықтағысы келіпті, деп хабарлайды КТК.
Жаңа лентаның шетіндегі қызыл жолақтар төгілген қанды, қара жолақ қайғыны білдірсе, оған еліміздің туымен түстес көгілдір жолақ қосылған. Лентаның 5 мың данасына тапсырыс беріліп, қалада өтіп жатқан түрлі мерекелік шараларда таратылып та үлгерген. Өз беттерімен осындай бастама көтерген жастар келесі жылы кеңінен атап өтілетін Жеңістің 70 жылдығында тек көгілдір жолақты лента тағып шықпақ ойда екендіктерін жеткізді.
«Бұл лента Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақстандық ардагерлердің ерлігін ұлықтау мақсатында соның символы ретінде енгізіліп отыр. Бастамамызды басқа өңірлердің жастары да қолдайды деген сенімдеміз», — дейді «Азаматтық бастамаларды дамыту» қоғамдық институтының төрайымы Әсемгүл Есқожа.


