«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Құрлық әскерлері Бас қолбасшысының басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 сәуірдегі № 554 қаулысы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2009 жылғы 20 сәуірдегі № 145 бұйрығына сәйкес құрылды.
1993 жылғы 9 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12 бабына сәйкес Құрлық әскерлері.
ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің негізгі тапсырмаларына мыналар кіреді:
- Агрессияға тойтарыс беру үшін әскерлердің әзірлігіне қолдау көрсету.
- Қазақстан Республикасының егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғау.
- Мемлекеттік және әскери объектілерді күзету және қорғау.
- Мемлекеттік шекараның құрлықтағы бөлігін қорғау.
- Бітімгерлік және басқа да тапсырмаларды орындау.
ҚР ҚМ Баспасөз қызметі






















































