Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Жаңалықтар»Қазақстандықтардың 38%-ы Ресей аумақтық жанжал тудырады деп қауіптенеді
Жаңалықтар

Қазақстандықтардың 38%-ы Ресей аумақтық жанжал тудырады деп қауіптенеді

13/05/20140

Қазақстандықтардың 86%-ы Ресей мен Украина арасындағы қақтығыстың өршуіне алаңдайды

 

MediaNet  Халықаралық журналистика орталығы жанындағы «DEMOSCOPE» қоғамдық пікірге экспресс-мониторинг жүргізу бюросы Қазақстан азаматтары арасында сауалнама жүргізді. Сауалнаманың мақсаты — қазақстандықтардың Украинадағы, атап айтқанда, Қырымдағы жағдайға байланысты көзқарастарын анықтау. Сауалнамаға Астана, Алматы қалалары мен Қазақстанның 14 облыс орталығынан барлығы 1736 адам қатысты.

Сұрақтарға 18 жастан жоғары 66% әйелдер мен 34% ер азаматтар жауап берді.

Сауалнама әдісі – телефон арқылы жүргізілген сауалнама және онлайн-сауалнама.

 

 

Қазақстандықтардың көп бөлігін (86%) Ресей мен Украина арасындағы қақтығыстың өршуі алаңдатады. Сауалнамаға қатысқан азаматтардың 56%-ы осы тақырыптағы жаңалықтар легін тұрақты бақылап отырады. Ал, қазақстандықтардың 14%-н бұл жағдай қызықтырмайды. Олардың 10%-ы Украинадағы жағдайды таныстарының әңгімесінен естіген. Сауалнамаға қатысқандардың 4%-ы көрші елдегі саяси ахуалға бей-жай қарайды екен.

 

Респонденттердің 11%-ы Қырымның Ресейге қосылуын Украина тұрақтығын заңсыз бұзу деп есептейді. Ал, 61%-ы Қырым бұрындары Ресейге тиесілі болған, сол себепті Ресейге қосылуын қолдаймын деп жауап берді.  Ал, сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 22%-ы бұл мәселе бойынша бейтарап пікір ұстанады. Алайда, бұрыннан бері достық қарым-қатынаста болған екі ел арасындағы дау-дамай оларды алаңдатады. Ал, сұраққа жауап берген азаматтардың 5%-н бұл сұрақ мүлде қызықтырмайды екен.

 

Сондай-ақ, сауалнама нәтижесі Ресейдің ақпарат құралдарының қазақстандықтардың көзқарасына ықпалын көрсетті. Респонденттердің 30%-ы Украинадағы жағдай жайлы ақпаратты ресейлік БАҚ-н алады. Ал, ақпаратты қазақстандық БАҚ құралдарынан алатын респонденттер саны да осы шамалас, 28%.

 

Украиналық ақпарат құралдарынан жаңалықтарды оқитын (көретін) азаматтар тек 0,69%. Батыс елдерінің жаңалықтарын 1,21%-ы ғана көреді. Ал, 36% сауалнамаға қатысқан қазақстандықтар мүмкіндігінше, барлық елдердің ақпарат құралдарын бақылап отыруға тырысады екен. (Онлайн сауалнама нәтижесі бойынша бұл жауап 71%).

 

Сұрақтарға жауап берген тұрғындардың 73%-ы Ресей құрамына қосылған соң, Қырым халқының болашағы жақсарады, себебі олар ықпалды мемлекеттен қолдау табады дейді. Ал, 5%-ы керісінше, олар Украина құрамында болғанда, Еуропамен ықпалдасуға мүмкіндік болатын еді деген жауапты таңдады. (Онлайн сауалнама нәтижесі бойынша бұл жауап 27%).

 

Ресей мен құрамында орыс халқы бар көрші өзге мемлекеттер арасында осыған ұқсас аумақтық жанжалдар болуы мүмкін бе деген сұраққа, респонденттердің 38%-ы болуы мүмкін деп жауап берді. Болуы мүмкін емес деген жауапты таңдаған респонденттер саны да дәл осындай, 38%-ды көрсетті. Олардың төрттен бір бөлігі, яғни 23% -ы жауап беруге қиналамын деген жауапты таңдады. 

demos.kz  тен алынды.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleЕР ЖӘНІБЕК БЕРДӘУЛЕТҰЛЫ (деректі фильм)
Next Article Ақын Дәулетбек Байтұрсынұлының шығармашылық кеші өтеді

Оқи отырыңыз...

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Бельгия Королі Филипп пен Патшайым Матильданы қарсы алды.

15/10/20262

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты

15/10/20262

Көкжайлауға 2 мыңға жуық Шренк шыршасы егілді.

04/10/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201463

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.