Ал, мемлекеттік тілді менсінбей, қазақ тіліне қарсы шыққан банкпен бір жыл бойы соттасқан Астаналық тұрғын, ақыры жеңіп шықты. Сот шешіміне сәйкес, «Цеснабанк» қазақ тілін құрметтемегені үшін Руза Бейсенбайтегіне 56 мың теңге моральдық өтемақы төлеуге міндеттелді.
Руза Бейсенбайтегі мен «Цеснабанк» арасындағы тіл үшін болған текетірес 10 ай бұрын басталған. Павлодардағы банк бөлімдерінің біріне салық төлемек болған кәсіпкерге «Цеснабанк» қызметкерлері «аты-жөніңіз қазақша болғандықтан қызмет көрсете алмаймыз» деп дөрекілік көрсеткен. «Мемлекеттік тіл» туралы заңды алға тартып, шу шығарғаннан кейін ғана құжатты қабылдапты. Бірақ, тұтынушының қазақ тілінде жазған аты-жөнін, түсініксіз белгілермен толтырып беріпті. Себебін, банкте мемлекеттік тілде жазатын бағдарлама жоқ деп түсіндірген. Ана тіліміздің өз елінде бұлайша қорлыққа түскеніне наразы болған Руза Бейсенбайтегі Астанадағы аудандық сотқа шағымданып, жеңіске жеткен еді. Бұл шешіммен келіспеген «Цеснабанк» өкілдері істі қайта қарауға арызданған. Алайда, Астана қалалық соты шешімді өзгеріссіз қалдырды.
РУЗА БЕЙСЕНБАЙТЕГІ, тіл жанашыры:
Өтемақы төлемек түгілі бөлімшедегі ақпараттар көрші мемлекеттің тілінде. Ресми тілде. Неге мемлекеттік тілде емес десек. Оны заңгеріміз қарап жатыр дейді.
www.31.kz



