Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Жаңалықтар»МҰХТАР ШАХАНОВ АНКАРА ЖҰРТЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Жаңалықтар

МҰХТАР ШАХАНОВ АНКАРА ЖҰРТЫМЕН КЕЗДЕСТІ

16/05/20140
МҰХТАР ШАХАНОВ АНКАРА ЖҰРТЫМЕН КЕЗДЕСТІ

    Анадолыға ат басын тіреген халқымыздың ардақты ұлы, ақиық ақын Мұхтар Шаханұлы Анкарада жұртшылықпен жүздесу өткізді. Келісті кездесу, әсіресе Түркия Республикасында білім алып жүрген жалынды жастардың рухани өмірінде айрықша орын алды.

«Анкара Қазақ Жастары» бірлестігінің ұйытқы болуымен ұйымдастырылған жүздесуге түркі әлемінің тұтастығы үшін тер төгіп жүрген қоғам және қалам қайтаркерлері мен ғалымдар, мемлекеттік емес ұйымдар мүшелері және де ақынның отты жырларымен тәрбиеленген білімгер жастар қатысты.

Ардақты ғалым, Чанкая университетінің ұлағатты ұстазы Махир Накип мырза басқосуды ресми түрде ашып, Мұхтар ағамыздың түркі дүниесінің руханияты мен әлемдік озық ой кеңістігіндегі өзіндік орнына кеңінен тоқталды. «Түркі Әлемі Зиялылар Одағының» төрағасы ретінде де Мұхтар Шаханұлының тарихи себептермен арасы ажыраған туыстастардың тұтастығына зор үлес қосып, ортақ руханиятымызға үлкен олжа салатынына кәміл сенетінін жеткізді.

Мұхтар Шаханұлы өз кезегінде қазіргі таңдағы өзекті мәселелерді ауқымды талдап, оларды шешу жолдарын кеңінен түсіндірді. Күреске толы өмір жолының бел-белестерінен тағылымды тұстарын тірілтіп, есті естеліктер айтты. Кесек жырларын шабыттана оқып, қордалы мәселелер турасында қойылған сауалдарға тұщымды жауаптар берді.

Сазгерлік қыры көп айтыла бермейтін Мұхтар ағамыздың «Қазіргі шыншылдық өлшемі» аталатын сиясы кеппеген жаңа әні кездесу барысында орындалып, жұртшылық көңіліне ұялаған тың туынды ән әлеміне қанат қақты.

Кездесу қорытындысында  Мұхтар Шаханұлына жаһандану дәуірінде өскелең ұрпақты рухсыз қиратқыш күштерден айбынды күрескер ретінде қорғаудағы көшбасшылығы мен қажырлы қайраткерлігі және де жастарды отаншылдық рухта тәрбиелеу ісіне қосқан аса зор үлесі үшін ұйымдастырушылар тарапынан Алғыс хат тапсырылды. Сонымен қатар, жүздесуге жиылған жұртшылықтың айрықша құрметінің белгісі ретінде қадірменді қонақтың иығына оқалы шапан жабылып, сый-сияпат жасалды.

Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, арқалы ақын Мұхтар Шаханұлымен өткен жарқын жүздесу жүректерге жол тартты және де жұртшылық үлкен бұлақтан сарқылмас нәр алып, шалқар шабытпен тарқасты.

  Мырзахан Байболов,

 Гази университетінің докторанты

abai.kz

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleРахат Мамырбек :Бақыт білімде
Next Article Көкбөрі киелі баһадұр ер бабам

Оқи отырыңыз...

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Бельгия Королі Филипп пен Патшайым Матильданы қарсы алды.

15/10/20262

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты

15/10/20262

Көкжайлауға 2 мыңға жуық Шренк шыршасы егілді.

04/10/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.