Мынау кімінің әскерінің ұраны білесіз бе? « Бізді кез-келген уақытта шошқамен бірге қамап, құрсағымызды аш қалдырмау үшін құрт-құмырысқа теріп берсең болғаны, айтқаныңа әзірміз.» Халқымызда «Көп қорқытады, терең батырады» деген сөз бар, алайда көптіктің зияны да көпті құртатын кезі болады. Ол ортада менменсіну, бойкүйез, тоғышарлықта орын алып жататыны шындық! Әлемге қытай өзінің көптігімен күжірейседе, өз ішінен 27 өлкесі 27 бөлікке, халқы 8 партияға бөлініп кету қаупінде тұрғанын біле бермеспіз. Тілінің қолданысы мен жазуының көптігінен жүйкесі жұқарған ұрпағыда ағылшын тіліне аңсары ауып өсіп келеді. Ода өзіне жау. Кішкентай ғана қозғалысқа жан ұшыртып айғай аттанын салатын су жүректен, бізге келер қауіп жоқ. Ол үшін бас ауыртып алаңдаудың өзі бізге сын! Себебі коммнуизмнен шаршаған шүршіттің ішінде желгесінен ажырғысы түспеген Гоминдаңның сарқыншағы әліге бар, олардың тісі Жунгоның жалпы бүгінгі жүргізіп отырған режиміне қайраулы. Мына бір дерекке тоқталайық « Жоңғар хандығын ойрандаған Цин үкіметі енді Қазақ хандығымен шекарасын анықтау әрекетіне көшеді. 1755, 1756 жылдары Абылай сұлтанның ауылына Цин елшілігі келіп, патшаның хатын тапсырады. Қытайлықтар Жоңғар хандығының барлық мұрасын, соның ішінде ойраттардың бұдан бұрын қазақтар мен қырғыздардан тартып алған жерін де иемденбек ниетін білдіреді. Алғашында бұл пікірге қарсылық білдіріп, ойраттардың азаттық қозғалысына ашық қолдау көрсеткен Абылай 1757 жылдың күзінде Цяньлун патшаға Шағыр және Өміртай бастаған он бір кісілік елшілік аттандырып, екі ел арасында бейбітшілік қатынас орнату жөнінде келісім шарт жасасуды ұсынады. Қазақ елшісімен әңгіме кезінде Цяньлун патша: «Егер Цин Ресеймен соғыса қалған жағдайда қазақтар қай жағына көмектеседі?» — деген сұрау қояды, оған қазақ елшісі: «Сіздер сияқты аксүйек патшалар өзара соғысып жатса, біз сияқты кішкентай елдің ондай іске араласпағаны жөн шығар, ондай жағдайда біз бейтарап қаламыз», — деп жауап қайтарады.
Цин империясының 1758 жылы Жоңғар хандығы мен Шығыс Түркістанды жаулап алып, тікелей Қазақстан шекарасына шығуы, әрине, бұл аймақтағы жағдайға Ресейдің де мүдделілік таныта бастауына түрткі болды. Өз ретінде Абылай хан мен оның бағытын қолдайтын қазақ билеушілері екі империяның арасында мүмкін болғанша тәуелсіздігін сақтауға тырысты. Сонымен бірге кезінде ойраттар басып алған қазақ жерлерін қайтаруға, Шыңжаң базарларында, яғни жаңа ғана Қытай империясы құрамына енген Жоңғария мен Шығыс Түркістанда бұрынғыдай еркін сауда қатынасын сақтауға күш салды. Қытай үкіметі қалмақтардан босаған жерге қазақтарды жібермеу мақсатында Іле өзені бойы, Тарбағатай және Ертіс өзеніне дейінгі аралықта әскери бекіністер сала бастайды. 1761 жылы қытай патшасы қазақтарға Аягөз өзенінің оң жақ бетіне көшіп-қонуға тыйым салған Жарлық шығарады. Бірақ оған қазақ малшылары құлақ аспай, Тарбағатайдың жайылымдарын пайдалана берді. 1767 жылы Цин үкіметі қазақтарға Тарбағатай мен Іле өңіріндегі жайылымдарды пайдалануға келісім беруге мәжбүр болды, бірақ оның есесіне, қазақ малшыларынан жер майы салығын төлеп тұруды талап етті. Орта және Ұлы жүздің біраз бөлігі Қытайға жер салығын төлеп, Тарбағатай, Іле өңірі және моңғол Алтайындағы бай жайылымдарды пайдалану мүмкіндігін иемденді» кейін бұл аймақ Қытайдың Шыңжаң өлкесі құрамына енді. Бұл құрамға енбеудің жолын қарастырып азаттық соғыс бастаған қазақты да аяған жоқ. бір Оспанның өзі 70000 әскерін Жұңғар құмы мен Алтай тауының орманында ойсырата салуы оңай ерлік емес. Қытай қазақтары қытайдың Батысы — Шынжаң өлкесінің Іле-қазақ автономиялы облысына, Байынғұлын облысы, Бұратала облысы, Құмыл аймағы, Саңжы, Үрімжі қалалары сынды 38 ауданға шоғырлы қоныстанған. 2,5 млн. астам жан саны бар. Осы байырғы Шығыс Түркістан топырағында қандастарымыз ата-бабадан қалған Түркі даласын жаттабан қытайлардан 1950 жылға дейін сан жетпес қарсылық соғыс арқылы қорғап келді. Оспан Батыр өмірін қытайлармен соғысып өткізді, Шығыс түркістанды толық азат етуге жақын қалғанда Совет Одағы қару-жарақты үйіп төгіп, әуеден-жерден шабуылдау арқылы Оспанды қытайларға ұстап берді. оның арманы үш отаудың басын қосу еді (Қазақстан, Монғолия, Қытайқазақтары). Ұлы Қазақ мемлекетін құру еді. Қытайдан шыққан ұлт тәуелсіздігінің батырлары – Оспан батыр, Далай Лама, Рабия Қадырлар — сол топырақта туып Қытайдың жәбір-жапасын, ұлттық бөлшектеушілігін көріп өскен азаттық аңсаушылар. Ұйғырлар тарапынан сан дүркін жасалып жатқан көтерілістердің мақсаты, Қытай империясының бұғауынан құтылу. Бұл жарылыс пен қопарылыстарға шыңжаң қазақтарының ешқандай қатысы жоқ! Бүгінде Қандайда бір қысым жасауға дайын, ұрда жық қытай әскерінің алдыңғы халі ұзақ жорық соғысы кезінде бұлғары белбеуін қуырып жеген болса, бүгінгі таңда әлі де сол шекпенін шеше қойған жоқ. олардың адамилық санасын қызыл саяасат әбден улағаны сонша, күл-қоқыстың арасында да дәретіне малшынып отырып, тамақтанып жата бертіні де бар. Құрлықтағы қытай 2.2 миллионнан астам әскерді жинаған әлемдегі ең көп қарулы күш болып есептелгенімен азықтандыруда сырт елдерден астық енгізуге тәуелді. Қазақстаннан жөткелетін бидайда сол ашбақалардың кеңірдегін бітеуге кетеді. Қытай-Жапон соғысы кезінде Жапондық сарқұлақтар қынадай қырып жеңуге таяғанда, халқаралық үкім шығып соғыс тоқтап қалғандықтан аман қалды. II Дүниежүзілік, Корей және Вьетнам соғыстарында Қытай әскері өз күштерін таныта алған жоқ. тек бірді-бірге айдап салу арқылы өзімен-өзін жеңді. Айта кетер жәй, еліміздегі 300,000 қытайды оның ішіндегі 5500 күйеубаланы шегарадан кім қуып шығара алады?
Айтқали Жақсыбек





