Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Жаңалықтар»Мемлекеттік көші-қон және қазақ диаспорасы агенттігін құру керек — Н. Жазылбеков
Жаңалықтар

Мемлекеттік көші-қон және қазақ диаспорасы агенттігін құру керек — Н. Жазылбеков

12/06/20141
Мемлекеттік көші-қон және қазақ диаспорасы агенттігін құру керек - Н. Жазылбеков

Мемлекеттік көші-қон және қазақ диаспорасы агенттігін құру керек - Н. Жазылбеков

Мемлекеттік көші-қон және қазақ диаспорасы агенттігін құру кезек күттірмес мәселе. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтің атына жолдаған депутаттық сауалында депутат Нұрлан Жазылбеков осы мәселені көтерді,-деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сауал барысында депутат жақында ел Үкіметі шетелдегі қандастарды көшіруді жеделдету мақсатында құқықтық және әкімшілік тетіктерді оңтайландыруға бағытталған аса маңызды саяси шешім қабылдағанын атап өтті. Оның пайымынша, ұлттық мемлекетімізді бекемдеу жолындағы мұндай игі бастамалардың дұрыстығы дау тудырмайды, бірақ осы бағыттағы шаралар әлі де жеткіліксіз. Себебі, депутаттың ойынша, шетелдерде тұратын қазақ диаспорасының ұлттық болмысына төнген қатер жыл өткен сайын ауырлай түсуде. Бұл ретте Н. Жазылбеков миллионға жуық қандастар тұратын көрші Ресейде бірде-бір қазақ мектебінің жоқтығын, сондай-ақ Қытай мен Өзбекстанда қазақ мектептері жыл сайын жабылып жатқанын алға тартты. Сонымен қатар, Мәжіліс депутаты шеттегі қандастармен мәдени байланысты күшейтуге міндеттелген Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының жұмысын да сынға алды.
«Олар бар болғаны қоғамдық ұйым ғана. Сондықтан да, мемлекеттік көші-қон және диаспора агенттігін құрудың маңызы ерекше. Израиль, Ресей, Германия және Қытай елдерінде өз диаспораларының құқықтық мүддесін қорғауға бағытталған арнайы мемлекеттік құрылымдар аса өнімді жұмыс істеп келеді», — дей келе депутат Н. Жазылбеков елімізде бүгінге дейін осындай орасан зор міндетті атқаратын мемлекеттік орган жоқ екендігіне назар аударды.

«Ішкі істер министрлігіндегі көші-қон департаментінің қызметі тек визалық рұқсат берумен шектеулі. Қоғамдық ұйымдар мұндай жүкті көтере алмайтыны да анық. Сондықтан құлашын кеңге сілтейтін құзыреті бар Көші-қон және қазақ диаспорасы агенттігін құру күттірмес мәселе деп білеміз. Қазақстан Еуразиялық экономикалық одаққа кіріп отырған сәтте, шетелдегі қандастарымызды атамекеніне тарту арқылы қанатымызды қатайтып, керегемізді кеңейте түсудің маңызы үлкен», — деді депутат.

Автор: Қанат Мәметқазыұлы

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleАУЫТ МҰҚИБЕК. АЛАТАУДЫҢ БІР ШЫҢЫ — АРҒЫ БЕТТЕ
Next Article 12 маусымда тұсауы кесілетін әлемдік доп додасының Ойын кестесі

Оқи отырыңыз...

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Бельгия Королі Филипп пен Патшайым Матильданы қарсы алды.

15/10/20262

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты

15/10/20262

Көкжайлауға 2 мыңға жуық Шренк шыршасы егілді.

04/10/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.