Абайдың шөбересі Ишағы Жағыпарқызы. Алматы, 3 тамыз 2012 жыл.
Абайдың шөбересі — бәйбішесі Ділдәдан туған ұлы Мағауиядан тарайтын Ишағы Жағыпарқызы 92 жасында қайтыс болды.
Марқұмның туыстарының Азаттыққа хабарлауынша, Ишағы Жағыпарқызы Шығыс Қазақстан облысындағы Ақшоқы ауылына жерленеді.
Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан Ишағы Жағыпарқызы — Абай әулеті жайлы естеліктер мен деректерді жеткізген адамдардың бірі.
Азат Еуропа / Азаттық радиосы



