ЮНЕСКО істері бойынша Ұлттық комиссияның бірінші аймақаралық кеңесі аясында қазақстандық тарапқа 8 ескерткішті бүкіл әлемдік мұра тізіміне қосу туралы диплом беріледі, деп хабарлады бүгін ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері бойынша ҚР Ұлттық комиссияның бас хатшысы Әсел Өтегенова ОКҚ брифингінде.
«ЮНЕСКО істері бойынша Ұлттық комиссияның бірінші аймақаралық кеңесі аясында қазақстандық тарапқа 8 ескерткішті бүкіл әлемдік мұра тізіміне қосу туралы диплом беріледі. Бұл шешім биылғы жылдың маусымында Катарда өткен бүкіл әлемдік мұра бойынша комитет сессиясында қабылданды», — деді Ә.Өтегенова.
Бұдан өзге, ол биылғы жылдың маусымында Швецияда Қазақстанның екі қорығы — Қатон-Қарағай мен Ақжайықты ЮНЕСКО биосфералық резерваттар дүниежүзілік желісіне қосу туралы шешім қабылданғанын атап өтті. Осыған байланысты сәйкес сертификаттар Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің басшылығына беріледі.


