Әзербайжан мен Армения әскерлерінің арасындағы қақтығыс туралы нақты ақпараттар келуде. Тамыздың 1-нен 2-сіне қараған түні Тертер ауданында болған қақтығыста 40 армян әскері өлген.

Ақпараттарға қарағанда Әзербайжан жеріне диверсия жасамақ болған армян әскери бөлімшесі түгелдей жойылған. Оқиға Намирли елдімекенінің төңірегінде болса керек. Әзербайжандар өңірде жасырынған армян әскерлерінің лагерін анықтап, оған шабуыл жасаған. Нәтижесінде 5 шатыр мен арнайы көлік жойылыпты. 40 армян әскері өлген, ал Әзербайжан жағынан 3 жауынгер қаза болған. Қазір әзербайжандар бұл бағыттағы барлық жолдарды бақылуда ұстап отыр. Сонымен қатар Баку Тертерге Гянджи өңірінен Т-90С танктерін алдыртқан. Бұл бронотехниканың тағы бір тобы Товузға беттеп барады. Әзербайжан Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Вагиф Дяргяхлы майдан шебіне ауыр техникалар топтастырыла бастағанын да мойындапты. Мұндай бұйрықты министр Закир Гасановтың өзі берген көрінеді.
Жебе-ақпарат


