Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Жаңалықтар»Мемлекет басшысы «Жезқазған-Бейнеу» және «Арқалық-Шұбаркөл» теміржол желілерінің ашылуына қатысты
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы «Жезқазған-Бейнеу» және «Арқалық-Шұбаркөл» теміржол желілерінің ашылуына қатысты

23/08/20140

Іс-шараға орай Жезқазған қаласының орталық алаңында жаңа теміржолдың Қостанай, Қызылорда, Ақтөбе, Маңғыстау және Қарағанды облыстарының аумағында орналасқан басты стансаларымен арада телекөпір ұйымдастырылды. Станса басшылары Қазақстан Президентіне жаңа жол қатынасын пайдалануға беруге дайын екенін баяндады.

Нұрсұлтан Назарбаев «Жезқазған-Бейнеу» және «Арқалық-Шұбаркөл» жаңа теміржол желілерін салтанатты жағдайда іске қосты.

Барша қазақстандықтарды құттықтаған ел Президенті магистральдің ашылуын жылдың ең маңызды әлеуметтік-экономикалық оқиғасы деп атады.

— «Жезқазған-Бейнеу» және «Арқалық-Шұбаркөл» жолы бірнеше өңір мен бүкіл Республиканың тіршілігіне жан бітіріп, ондаған жылдарға алға жетелейді. Біз Тәуелсіздіктің барлық кезеңінде теміржол құрылысын тоқтатқан жоқпыз, қайта үдете түстік, — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы теміржол құрылысына 10 мыңнан астам адам тартылғанын, енді тағы 3 мың адам тұрақты жұмыспен қамтылатынын айтты.

— «Жезқазған-Бейнеу» және «Арқалық-Шұбаркөл» теміржолдары жапсарлас аумақтардың дамуына жаңа серпін береді. Оның әсерін Қарағанды, Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда және Қостанай облыстарының тұрғындары мен кәсіпорындары тікелей сезінетін болады. Аграрлық және өнеркәсіптік өнімдерді жеткізу мерзімі мен қашықтығын қысқартудан бүкіл Қазақстан ұтады, — деді Президент.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы жаңа теміржолдар Жезқазғанның дамуына оң ықпалын тигізетінін, енді бұл өңір республикалық және халықаралық маңыздағы стратегиялық бағытта болатынын атап өтті.

Қазақстан Президенті елдің көлік-логистикалық әлеуетінің артатынына тоқталды.

— Осы теміржол желілерін іске қосу – Солтүстік-Оңтүстік және Шығыс-Батыс бағыттардағы жаһандық көлік қызметтері үшін де айтулы оқиға. Іс жүзінде біз Қытайдан Еуропаға жүк жеткізу уақытын үш еседен аса қысқартатын транзиттік дәліздің өзімізге тиесілі бөлігін жасадық. Бұл – мүлде жаңа әлеует және оны толығымен пайдалану қажет, — деді Мемлекет басшысы.

Ашылу рәсімі кезінде «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті А. Мәмин құрылыс жұмыстарының барысы мен оның экономикалық тиімділік көрсеткіштері туралы баяндады. Сондай-ақ Қазақстандағы «Арселор Миттал» компаниялар тобының директоры В.Махадеван, елдің құрметті теміржолшысы А.Селбаев және еңбек ардагері Б.Мырзабеков сөз сөйледі.

«Жезқазған-Бейнеу» және «Арқалық-Шұбаркөл» теміржолдарының жалпы ұзындығы 1200 шақырымнан асады. «Жезқазған-Бейнеу» магистралін іске қосу Орталық Қазақстаннан Ақтау портына, Түрікменстанмен шекараға дейін және Парсы шығанағы  бағытында ең қысқа теміржол қатынасын құруға мүмкіндік береді. «Арқалық-Шұбаркөл» теміржол желісі Қазақстанның орталығынан Ресейге, одан әрі Батыс Еуропа елдеріне  шығуды қамтамасыз етеді.

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
РЕСМИ САЙТЫ
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleАҚШ Ресейден автокеруенді Украинадан әкетуді талап етті
Next Article Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев:–Біздің елдігіміз, қазақ жұртының арғы түбі ғұндардан басталады.

Оқи отырыңыз...

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Бельгия Королі Филипп пен Патшайым Матильданы қарсы алды.

15/10/20262

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты

15/10/20262

Көкжайлауға 2 мыңға жуық Шренк шыршасы егілді.

04/10/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.