Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Жаңалықтар»Порошенко: Минскіде әлемнің тағдыры шешіліп жатыр
Жаңалықтар

Порошенко: Минскіде әлемнің тағдыры шешіліп жатыр

26/08/20140

Минскідегі жиынға келген Украина президент Петр Порошенко елінің шығысындағы дағдарысты шешудің әртүрлі амалын талқылауға дайын екенін айтты.

Ресей президенті Владимир Путин (сол жақта) мен Украина президент Петр Порошенко (оң жақта). Минск, 26 тамыз 2014 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин (сол жақта) мен Украина президент Петр Порошенко (оң жақта). Минск, 26 тамыз 2014 жыл.

 Украина президент Петр Порошенко Беларусь астанасы Минскіде тамыздың 26-сында Ресей президенті Владимир Путинмен және Еуропа Одағы (ЕО) басшыларымен кездесу «әлем мен Еуропаның тағдырын шешетінін» айтты.

Порошенко Минскіге Украинаның шығысындағы қантөгісті тоқтатып, саяси келісім амалын табу үшін келгенін мәлім етті. Оның сөзінше, Шығыс Украинадағы қақтығысты тоқтатудың жолы — Ресеймен шекараны тиімді бақылау, ресейшіл сепаратистерге қару жеткізуді тыю, әскери тұтқындарды босату. Порошенко ол өңірде ЕҚЫҰ бақылаушыларына еркін тексеру мүмкіндігін беруге шақырды.

Ал Ресей президенті Владимир Путин Шығыс Украинадағы ахуалды «ол өңірдегі тұрғындардың мүдделерін ескермей, Киев пен сепаратистер арасында бейбіт диалог орнатпай шешу мүмкін емесін» айтты.

Солдан оңға: Қазақстан, Ресей, Беларусь, Украина президенттері және ЕО өкілі Кэтрин Эштон. Минск, 26 тамыз 2014 жыл.
Солдан оңға: Қазақстан, Ресей, Беларусь, Украина президенттері және ЕО өкілі Кэтрин Эштон. Минск, 26 тамыз 2014 жыл.

Кездесуде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Украинаның шығысындағы «қантөгіс жалғаса беруі мүмкін емесін, қазір Ресей де, Украина да ақиқатты ұғарын» сөз етті.  Ол Украинаға гуманитарлық көмек көрсету ісіне Қазақстанның дайын екенін хабарлады.

Қазақстан президенті Украинадағы жағдайға байланысты арнайы халықаралық штаб немесе Украина экономикасын қолдау қорын құру мәселесін ойлану керегін де айтқан. Назарбаевтың пікірінше, Порошенко мен Путин екіжақты кездесуі өткізуі керек.

ЕО-ның сыртқы саясат жөніндегі жоғарғы комиссары Кэтрин Эштон Минскіге келгендегі мақсаты Украина халқының бейбітшілік пен қауіпсіздік орнатуын қолдау, аумақтық тұтастығына және экономикалық өміршеңдігіне ие болып қаларына көз жеткізу екенін айтты.

Беларусь астанасы Минскіде өтіп жатқан Кеден Одағы саммитіне бұл одаққа мүше елдер (Ресей, Қазақстан, Беларусь) мен Украина президенттері, Еуропа Одағының өкілдері барған. Жиында Украинаның ЕО-мен келісім жасасу жоспарына қатысты энергетикалық және сауда мәселелері де талқыланбақ.

Азат Еуропа / Азаттық радиосы

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleОРАЛМАНДАР ҚАЙ ОБЛЫСҚА БАРУДЫ ӨЗІ БІЛЕДІ
Next Article Ғашықтар біздің мекенде

Оқи отырыңыз...

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Бельгия Королі Филипп пен Патшайым Матильданы қарсы алды.

15/10/20262

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты

15/10/20262

Көкжайлауға 2 мыңға жуық Шренк шыршасы егілді.

04/10/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.