ЕуроОдақ жұма күні таңертең Ресейдің санкцияға ұшыраған компаниялары мен шенеуніктерінің тізімін жариялады. Бұл туралы BBC қызметі хабарлады. Санкцияға ұшыраған компаниялар арасында «Роснефть», «Транснефть», «Газпромнефть» бар.
Сонымен қатар ЕО Ресейдің тоғыз қорғаныс концерніне екі жақты тауар жеткізуге тыйым салды. Олар – «Сириус», «Станкоинструмент», «Химкомпозит», «Калашников», Тула қару шығару зауыты, «Технологии машиностроения», «Высокоточные комплексы», ПВО «Алмаз-Антей» и НПО «Базальт» концерндері.
Жаңа санкция «Уралвагонзавод», «Оборонпром», Авиақұрылыс біріккен корпорацияларын да нысанаға алды. Оларға ЕуроОдақ елдері тарапынан қаржы құю тоқтатылды. Батыстың қаржысынан қағылғандардың арасында Сбербанк, ВТБ, Газпромбанк, ВЭБ и Россельхозбанк та бар.
Бұдан бөлек европалық компаниялар Ресейге суасты, арктикалық және қатпарлы мұнай көздерін барлау және игеру үшін ешқандай қызмет көрсетпейтін болып шешті.
ЕО-тың қара тізімі тағы 24 фамилиямен толықты. Олар: депутаттар Жириновский, Васильев, Мельников, Лебедев и Левичев, «Ростех» корпорациясының басшысы Сергей Чемезов және Украинаның шығысында лаң салып жүрген сепаристердің басшылары Александр Захарченко, Владимир Кононов, Мирослав Руденко, Геннадий Цыплаков, Андрей Пинчук, Андрей Родкин, Александр Караман, Георгий Мурадов, Михаил Шеремет.
Мамандар жаңа санкциядан соң Ресейдің қор нарығы кқрт әлсіреп, рубльдің деңгейі доллар мен евромен салыстырғанда төмендеп жатқанын айтып отыр.
http://businessnews.kz/


