Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Жаңалықтар»Қарағанды облысында Бұқар жырау ескерткіші ашылды
Жаңалықтар

Қарағанды облысында Бұқар жырау ескерткіші ашылды

19/09/20140

Бүгін Қарағанды облысында халқымыздың біртуар перзенті — Бұқар жыраудың ескерткіші салтанатты түрде ашылды. Алыстан көз тартатын асқақ рухты сәулет туындысының тұсаукесер рәсіміне жергілікті билік өкілдері, өнер және мәдениет қайраткерлері қатысты.

— Төл тарихымызда өзіндік өшпес ізін қалдырған ардақты бабаларымызды әрқашанда мақтан етеміз. Солардың бірі – аты аңызға айналған Бұқар жырау Қалқаманұлы. Кезінде тамаша дарынымен «Көмекей әулие» атанған ардақты жырау бабамыз Алаштың айбынды Абылай ханының ақылшысы болғаны тарихтан жақсы белгілі.
Ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен байтақ даламызды жаудан қорғап қалған батыр бабаларымызға, сол батырлардың ерен ерліктерін дәріптеген жырауларымызға қандай құрмет көрсетсек те артық болмайды. Бүгінгі игілікті шара осындай орынды құрметтің нақты бір көрінісі болып табылады,-деді Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков құттықтау сөзінде.
Бұл күні көрермен назарына С.Сейфуллин атындағы облыстық қазақ драма театры өнерпаздарының әзірлеген қойылымы көрсетілді. Сонымен қатар Ботақара кентінің қазақ мектебінде Бұқар жырау атындағы жыршы-жыраулар сыныбы ашылады. Мәдениет үйінің үлкен залында Бұқар жырау ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған фильмнің тұсаукесері болды.
Республикаға белгілі ақындар Балғынбек Имашев, Серік Дүйсенғазин, Мейірбек Сұлтанхан, Жансая Мусина, Дидар Қамиев және Айтбай Жұмағұловтың қатысуымен ақындар айтысы өткізілді. Сондай-ақ жыршы Алмас Алматов пен Бекболат Тілеухан жырдан шашу шашты.
Бұқар жырау ескерткішінің авторы – ҚР Суретшілер одағының мүшесі, мәдениет қайраткері, мүсінші Бейбіт Мұстафин. Ескерткіш мемлекеттік комиссия ұсынысына сәйкес, бетоннан жасалып, қола түстес бояумен боялған. Мүсіндік композиция барлық техникалық талаптарға сай. Биіктігі 8 м. 40 см., тұғыры – 4 м. 20 см., ал салмағы 16 тонна.
— Бұл сәулеттік туынды арқылы біз еркіндікке ұмтылу идеясын, Бұқар жыраудың хандарға ақылшы, халқына басшы болған өр рухты өжет тұлға екенін көрсеткіміз келді,- дейді ескерткіш авторы Бейбіт Мұстафин.
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылы баба мүсінін жасау қолға алынып, республикалық конкурс жарияланған болатын. Жалпы саны 21 эскиз ұсынылған еді. Арнайы құрылған комиссияның қорытындысы бойынша Б.Мұстафиннің жұмысы лайық деп танылды.

baq.kz

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleИтіке батыр
Next Article «Ерлік жыры – Ер Жәнібек»

Оқи отырыңыз...

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Бельгия Королі Филипп пен Патшайым Матильданы қарсы алды.

15/10/20262

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты

15/10/20262

Көкжайлауға 2 мыңға жуық Шренк шыршасы егілді.

04/10/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.