Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Жаңалықтар»Қазақстан мен Түркия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
Жаңалықтар

Қазақстан мен Түркия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

03/10/20140

 

 2014 жылғы 28 қыркүйек пен 1 қазан арасы кезеңінде Түркияда Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары Нұрлан Сауранбаев бастаған делегациясы болды. Анкара мен Ыстанбұл қалаларында өткен бұл сапардың мақсаты түрік қарулы күштері мен қорғаныс өндірісінің әлеуетін зерделеу және екі елдің арасындағы аталған салалар бойынша ынтымақтастықты нығайту болып табылады.

Қазақстан делегациясы Түркия Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары Шабан Ұмытпен кездесу өткізіп, қорғаныс өндірісінің беделді түрік компанияларына, оның ішінде оптикалық жабдықтар мен радиолокациялық құралдарды өндіретін «Аселсан» корпорациясына, әскери реактивтік ұшақтарға қондырғыларды өндіретін «ТАИ» корпорациясына, брондалған техниканы шығаратын «Отокар» корпорациясына және т.б. барып қайтты.

Қазақстанның әскери делегациясы ұшақтарды Ұшқышсыз әуе көліктерді және басқа әуетехниканы құрастыру жөніндегі «ТАИ» компаниясының жұмысымен танысты. Қазіргі кезде бұл компания барлық әуе техника түрлерін, оның ішінде шабуылшы тікұшақтарды, Ұшқышсыз әуе көліктерді, әуе нысаналарды, жаттықтыру-шабуылшы ұшақтарды, «Эйрбас» әуе кемесінің кейбір бөлшектерін өндіріп шығарушы көпсалалы кәсіпорын болып табылады.

Сапардың барысында қорғаныс өндірісі саласындағы ынтымақтастық жөніндегі қазақ-түрік комиссиясының 7-ші отырысы өткізіліп, оның қорытындылары бойынша ынтымақтастық туралы Протоколға қол қойылды.

Кездесулер барысында тараптар әскери, әскери-техникалық және әскери білім беру аясындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту болашағы туралы пікір алмасты. Қазақстанның әскери кадрларын шетелде даярлау бойынша Түркияда әскери оқу орындарында курсанттармен қатар офицерлерді оқыту мәселесінің асты сызылды.

Айта кетерлік жайт, Түркияның әскери электрондық өндірісі бойынша қорғаныс өндірісі саласындағы ірі кәсіпорын болып табылатын «Аселсан» компаниясымен ұсынылған. Қазақстан делегациясы компанияның басшылығымен бірге 2013 жылғы желтоқсанда Астанада ашылған «Қазақстан Аселсан инжиниринг» қазақ-түрік қорғаныс-өндірістік зауытының алдағы даму перспективалары және оның іске асырылуы туралы пікірлесті.

Тараптар Қазақстан делегациясы сапарының қазақ-түрік ынтымақтастығының одан әрі дамуына айтарлықтай септігін тигізетінін атап өтті.

http://mfa.gov.kz/

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleМұрат Бақтиярұлы: Этникалық көші-қонға жеңілдіктер жасалуы тиіс
Next Article Қазақ неге Шыңғысханшыл?

Оқи отырыңыз...

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Бельгия Королі Филипп пен Патшайым Матильданы қарсы алды.

15/10/20262

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты

15/10/20262

Көкжайлауға 2 мыңға жуық Шренк шыршасы егілді.

04/10/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.