Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Жаңалықтар»Қазақстан Президенті ТМД Мемлекет басшылары кеңесінің отырыс қорытындысына арналған брифингке қатысты
Жаңалықтар

Қазақстан Президенті ТМД Мемлекет басшылары кеңесінің отырыс қорытындысына арналған брифингке қатысты

10/10/20140

Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет басшыларының кездесуі жемісті болғанын, оның қорытындысы бойынша маңызды құжаттарға қол қойылғанын атап өтті.

— Олар Достастық аясындағы ынтымақтастықтың әрі қарай дамыту үшін жақсы негіз қалайды. Қазақстан 2015 жылы ТМД-ның барлық жарғылық органдарында төрағалық ету міндетін қабылдай отырып, Кеңестің келесі отырысына дайындалатын болады. Біз оны Астанада өткізуге келістік. Қазақстан ТМД-ны бұрынғы кеңестік кеңістіктегі елдерді біріктіретін бірегей саяси алаң ретінде қарастырады. Осы секілді басқа ұйым біздің өңірде жоқ. Бұл – туындаған мәселелерді шешу, пікірталастар өткізу және пікір алмасу үшін жақсы алаң. Біз де төрағалық кезінде Достастықтың әлеуетін аша түсуге ұмтылатын боламыз, — деді Қазақстан Президенті,

Мемлекет басшысы біздің еліміз жұмысты сабақтастық қағидаты негізінде құруға ниетті екенін атап айтты.

— Ынтымақтастықтың барлық бағыттары бойынша өзара іс-қимылды біртіндеп ұлғайтқан жөн. Бұл қауіпсіздікке де, экономикаға да, гуманитарлық салаға да қатысты. Достастықтағы сенім мен өзара іс-қимылды нығайту жөніндегі бастамаларды жүзеге асыруға атсалысатын боламыз. Біздің көпқырлы ынтымақтастығымыздың өзекті мәселелерін шешудегі ТМД-ның рөлін арттырған жөн. Өз төрағалығымыздағы маңыздың міндеттің бірі Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын лайықты деңгейде бірлесіп мерекелеу және ардагерлерге құрмет көрсету деп санаймыз. Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай бүгін қабылданған Үндеуді біз толық қолдаймыз, — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті жалпы алғанда барлық мемлекет басшылары отырыстың қорытындысына қанағаттанушылық білдіргеніне назар аударды және қабылданған шешімдер мен қол қойылған құжаттар елдердің арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға үлес қосатынын атап өтті.

akorda.kz

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleШежіре — Жетіру
Next Article EURO-2016 ІРІКТЕУ ТУРНИРІНІҢ 2-ТУР ОЙЫНДАРЫ ӨТТІ

Оқи отырыңыз...

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Бельгия Королі Филипп пен Патшайым Матильданы қарсы алды.

15/10/20262

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты

15/10/20262

Көкжайлауға 2 мыңға жуық Шренк шыршасы егілді.

04/10/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.